Әйелдер теннисі қауымдас­тығы (WTA) жаңартылған рейтинг­ті жариялады.
Аружанның теннисте бәсі жоғары
962
оқылды

Қазақстанның көшбасшы тен­нис­шісі Елена Рыбакина 4-орынға тұрақтаса, Юлия Путинцева 79-дан 78-ге көтерілді.

18 жастағы Аружан Сағындықова рейтингте күрт жоғарылап келеді. Ол бұл жолы 871-ден бірден 36 сатыны аттап өтіп, 835-ке шықты.

Әлемдік рейтингте бұрынғыша Польша өкілі Ига Швентек көш бастаса, белоруссиялық Арина Собо­ленко мен америкалық Джессика Пегула үздік үштікте қалды.

Жұптық сында чехиялықтар Катержина Синякова мен Барбора Крейчикова және аустралиялық Сторм Хантер топтың алдын бермей тұр.

Қазақстандық Анна Данилина 28-ден 29-ға төмендесе, Е.Рыбакина 111-ден 110-ға, Жібек Құламбаева 178-ден 176-ға ауысты.

Кәсіби теннисшілер қауымдас­тығы (ATP) рейтингісінде пәлендей өзгеріс жоқ.

Испаниялық Карлос Алькарас, сербиялық Новак Джокович және ресейлік Даниил Медведев бастапқы үштікте болса, Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 27-ор­нында қалды. Тимофей Скатов 128-ден 129-ға түсті. Михаил Кукушкин 243-тен 242-ге көтерілсе, Бейбіт Жұқаев 260-тан 263-ке, Денис Евсеев 270-тен 271-ге, Дмитрий Попко 380-нен 381-ге, Григорий Ломакин 1057-ден 1060-қа сырғыды.

Жұптық сында Александр Недо­весов 45-інші, Андрей Голубев 73-ор­ны­нан жылжыған жоқ.