Биыл жазда Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары судан 136 адамды құтқарды. Оның 51-і бала, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жазда 177 адам суға батып кетті
846
оқылды

ТЖМ ресми өкілі Жанна Дәуренбекованың айтуынша, жазда 177 адам суға батып кеткен, оның ішінде, 53-і кәмелетке толмаған. 

Айта кетейік, былтыр шомылу маусымында 184 адам суға батып кетті, соның ішінде, 62-сі кәмелетке толмаған.

Суға батқандардың 98 пайызы жабдықталмаған жағажайларда суда шомылған.

Бұған дейін Түркістан облысында бір әулеттен 11 адам бір сәтте Сырдария өзеніне батып кеткені туралы жазған болатынбыз.