Азарян 94 жасында Ереван қаласында өмірден өтті.
Олимпиаданың үш дүркін чемпионы өмірден өтті
1,735
оқылды

Спорт гимнастикасынан үш дүркін Олимпиада чемпионы Альберт Азарян қайтыс болды. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады.

Азарян 94 жасында Ереван қаласында өмірден өтті. Бұл туралы армениялық федерация мәлімдеген.

Альберт Азарян спорт гимнастикасынан үш дүркін Олимпиада чемпионы, әлем біріншілігінің төрт дүркін жеңімпазы, Еуропаның екі дүркін чемпионы.

Марқұм спорттағы мансабын аяқтаған соң Армения гимнастика федерациясын басқарды.

Фото: 4cchemp.com