Полицейлер жоғалған нәрестені тауып, туған анасына тапсырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жетісуда жоғалған 8 айлық сәби табылды
963
оқылды

Талдықорған қаласының полицейлері іздеуде болған 8 айлық сәбиді тапты. 

Жетісу облыстық ПД-ның мәліметінше, бала Талдықорған қаласында тұратын әкесінің туыстарының үйінен табылды.

Баланы анасына табыстады. Әйел қалалық полиция қызметкерлеріне алғыс айтты. 

Нәрестенің болашақ тағдырын қорғаншылық және сот органдарының өкілдері шешеді. Баланың әкесі сот шешіміне сәйкес әкімшілік қамауға алынды. 

Бұған дейін Сарыағашта талтүсте көршінің үйінен мәйіті табылған 5 жасар қыз туралы жазған болатынбыз. 

Фото: СҚО ПД-нен алынды