Мұнайлы өлке елімізде бизнесті мемлекеттік қолдау және кәсіпкерлік секторды дамыту сатысы бойынша алдыңғы орында тұр.
«Дамумен» бірге дамып келеміз
682
оқылды

Біз бұған «Даму» қорының Маңғыстау облысы бойынша аймақтық филиалы ұйым­дастырған баспасөз туры аясында  өңірлік және республикалық бұқа­­ралық ақпарат құралдары өкіл­­­­де­­­­рімен бірге жүріп көз жеткіздік.

Алдымен «Маңғыстау облысында шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау бағдарламаларын іске асыру шара­лары» тақырыбында баспасөз кон­ферен­­­циясы өтті. Басқосуда өңірлік фи­лиал директорының орынбасары Гүлсая Ах­мето­­­ва «Даму» қорының кәсіп­кер­лерді қаржылай қолдау нәтижелері ту­ралы әң­гімелеп берді.

– Бизнесті қолдау және дамыту бағ­дарламалары жұмыс істеген сәттен бас­тап, «Сыйақы мөлшерлемесін субси­диялау» бойынша кәсіпкерлердің жалпы сомасы 285,3 млрд теңгеден астам несие­лері бойын­­ша 4 558-ден астам жобасына, «Кепіл­дендіру» бойынша кепілдік сома­сы 41,1 млрд теңгеден астам, жалпы со­ма­сы 80,9 млрд теңгені құрайтын не­сиелер бойынша 3 853 кәсіпкердің жо­ба­сына қол­дау көрсетілді. 

Мәселен, биыл «Пайыздық мөл­шер­­­лемені субсидиялау» бойынша кә­сіп­­керлердің жалпы сомасы 30,1 млрд теңге­­­ден астам 733 жобасы қолдау тап­ты. Оның ішінде ұлттық жоба шеңбе­рінде несие сомасы 28,6 млрд теңгеден астам 728 жоба, «Қарапайым заттар» эконо­микасы бойын­ша жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеден астам 5 жоба, «Кепіл­дендіру» бойынша облыс кә­сіпкерлерінің жалпы кредит сомасы 15,1 млрд теңгені, ал кепілдік сомасы 7,6 млрд теңгені құ­райтын 559 жоба қана­ғат­­­танды­рылды, – дейді Гүлсая Жұма­­бай­қызы.

Біз баспасөз туры аясында мемле­кет­тік бағдарламалар арқылы өңірдегі биз­несті дамытуға қолдау алған бірқатар кәсіп­орын­ды аралап көрдік. Алдымен бас сұқ­қа­нымыз «Каскор-Машзавод» ЖШС болды. Ақтау қаласының іргесінде орын тепкен мекеме Қазақстанның мен деген мүйізі қарағайдай алпауыт компа­ния­ларымен тұрақты жұмыс істеп келеді екен. Сонымен бірге ол еліміздің машина жасау саласында жедел дамып келе жа­тыр.

Зауыт 1990 жылы құрылған. Қыз­метінің негізгі түрі – мұнай және газ өн­ді­ру­ге арналған мұнай кәсіпшілігі жаб­дық­­­тарын дайындап, жасап шығару. Атап айт­­­­­қанда, мұнай қыздырғыш пеш­тер (са­ғалық жылытқыштар, жол жылыт­қыш­­­тары және тағы басқалар), ұңғыма­ларды бұрғылау, өндіру және кейін пай­­далану үшін пайдаланылатын құ­­­­­быр­­­­­лар­­дың мұ­­най соратын, оның ішінде Premium класты бұрандалы сорғы-ком­прессорлық, мұнай-газ кәсіпшілігі құбыр­ларын өндіру және жеткізу. Зауыт­тың техникалық директоры Жұ­малы Ерға­­­лиевтің айтуынша, зауыт өнімін тұтыну­­шылар қатарында «Маң­ғыс­тау­­мұнайгаз», «Өзенмұнайгаз», «Қа­ра­­жам­басмұнай», «Ембі­мұнай» т.б. сияқ­ты ірі мұнай кәсіпші­ліктері бар. Соның ішінде «Өзенмұнай­газбен» 3 жылдық келісім­­шарттары жа­салған. 

– Біз 2021 жылы кәсібімізді өркендету мақсатында Халық банкі және «Даму» қо­рының қолдауымен қомақты қаржы алдық. Мақсатымыз – техникалық құ­рал-жабдықтарды жаңарту болды. Со­ның ішін­­­­де сорғы штангілеріне, ком­прессор тұрбаларға қолданатын муфті өндірісін қолға алып, өндіріс көлемін кеңейте түс­тік. Сосын тағы да 3 млрд 740 млн теңге қарыз алып, осы өңірге қажет­ті, көп жыл­­дан бері жоспарымызда жүрген сорғы штангі­­­лерін шығарып, жер­гілікті тұты­ну­­­шыларды қамтамасыз етіп отыр­мыз. Қа­зір оның 3 түрін, яғни диаметрі 18,22 және 25 болатын сорғы­ларды шы­ғарып жатыр­­мыз. Біз Гер­мания, Швей­цария, Қытай және Ресей сияқты озық техноло­гиялы елдерден құ­рал-жабдықтар сатып алдық, 80 пайыз­­ға жуық алған қар­жымызды игер­дік. 

Компания «Бизнестің Жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы бойын­ша қызметті кеңейтуге, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы мұнай кәсіп­шілігі жабдықтарын шығару бойынша өндірісті жаңғыртуға жылдық 14% мөл­шерлемемен қолдау алды, оның 6%-ын кәсіпкер тө­лейді, ал қалғанын мемлекет субси­дия­лайды, – дейді атқарушы ди­ректор.

Мекеме корпустық, бұрғылау құ­быр­­лары, сорғы штангалары, әртүрлі конфи­­­гурациядағы сыйымдылық жаб­дықтары, қысыммен жұмыс істейтін ыдыс­тар, мұнай өнімдерін сақтауға арнал­ған резервуарлар, мұнай-газ сек­торы үшін әртүрлі күрделі­­ліктегі ме­талл конструк­циялар т. б. шығару жұмыс­тарымен айна­­лысады. Зауыттың бар­лық өнімі тұтыну­­шылардың талап­тарын ескере отырып, нормативтік-техни­калық құжат­­­­тарға сәй­кес шығарылады және ұлттық, мемлеке­­тара­­лық және ха­­лық­­­аралық стан­­дарт­­тардың талап­тарына толық сәйкес келеді. Бүгінде компанияда 365 адам жұ­мыс істеп жатыр.

«Даму» қорымен қоян-қолтық жұмыс істеп келе жатқан серіктестің бірі – «Түпқараған-Финанс» ЖШС. Нарықта 20 жылға жуық уақыттан бері жұмыс істеп келе жатқан мекеменің негізгі қыз­меті – халыққа қонақүй мен мейрамхана қыз­­­­метін көрсету. Компания кәсіп­керлікті дамы­тудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы аясында әкімшілік ғима­­­ратты қонақүй ретінде қайта жаңартуға субсидиялау бойынша қолдау алған. 

– «Достық» қонақүйі Ақтау қаласы­ның қақ ортасында орналасқан. Мұнда аб­солютті жанға жайлы және 70 эксклю­зив­ті, жақсы безендірілген бөлмелер бар. Әр­бір жеке бөлме хош иістендірілген, жүй­кең­ді тыныштандыратын, қолдан жа­салған бұйымдар көз тартады.

Қонақүйге келушілер 42 стандартты бөлме, 23 люкс, 5 люкс, king-size кереуеті бар таңдай алады. Бөлмелер ыңғайлы кереует­­пен, жоғары жылдамдықты интер­нет­пен, көпарналы СКД теледи­да­рымен, шағын тоңазытқыштар, есік­тер­ге арналған электронды карта­лармен, түтін детектор­­­­ларымен, сейф­тер­­­­мен, кір жуу қыз­мет­­терімен және бөлме қызмет­терімен жаб­дықталған, – дейді «Түпка­раған-Фи­­нанс» компа­ниясының қаржы­лық дирек­­­торы Мария Көбешова.

Компания ForteBank акционерлік қо­ғамына жүгініп, жылдық 18,5% қарыз ал­ған. Оның 9%-ын «Даму» қоры суб­сидия­ласа, қалған 6%-ын кәсіпкер тө­лейді. Осы жаңа қонақүйдің арқасында Ақтау қала­­сына туристер ағыны артып, жаңа жұмыс орындары ашылған. 

Біздің соңғы барған мекемеміз «Ас­клепий» ЖШС болды. Офтальмология, яғни адамның көру мүшесінің физио­логиясын, анатомиясын, көз ауруларын диагностикалау, емдеу және алдын алуды зерттейтін медицина саласымен айна­лысатын компания қаланың көп тұрғын­дар шоғырланған ауданына орнала­сыпты.

– Бүгінде офтальмологияда техно­ло­гиялық революция жүріп жатыр. Оны жа­­саған микроскоп. Бұрыннан белгілі қара­­­­пайым емес, операциялық. Бұл адам­ның ең нәзік органы – көздің терең­дігіне енуге мүмкіндік берді. Опера­ция­лық мик­­рос­­коп­­тың арқасында тірі көз­дің микро­­­әле­­­міне кіріп қана қоймай, ол жерде «таза­­лық» жасауға мүмкіндік ту­ды, – дейді ком­­­­­­­­­панияның құрылтай­шысы Ғалымжан Құлымбаев. Офтальмо­логия саласында 20 жылдан астам тәжі­­рибесі бар маманның ай­туынша, жо­­­­­­ға­­­­­рыда айтқан ре­­волю­­циялық әдісті офтальмологиялық және невропато­логиялық қызметтерді ұсыну­­­мен айна­лысатын «Асклепий» ЖШС да қол­да­нады екен. 

Клиникада барлық дәрежелі опера­ция жасайтын операциялық блок, күн­дізгі стацио­нар және линзалар мен кө­зілдірікті әр адамға дербес таңдап бе­ретін оптика бар. Науқастарға көздің ішкі тор қабығын лазерлік емдеу, қайталама катаракта мен глаукома, катаракта мен глаукома хирур­­­­гиясы, көздің ультрады­быстық зерттеуі, циклоскопия сияқты қызметтер көрсеті­леді екен. Журналистер қауымы мұндағы құрал-жабдықтың біразымен танысып, атқаратын қызметін де біліп алды. Мәсе­­­­­лен, YAG офтальмо­логиялық лазері – көз­дің ішкі тор қабы­ғын фотокоагуляцияға, қайталама ката­рактаны емдеуге және глау­­ко­­маны ла­­­­­зер­лік емдеуге арналған көпмақ­­­сатты офтальмологиялық лазерлік жүйе. Ал оптикалық когерентті томогра­фия – бұл көз құрылымын сканерлеу үшін жарық сәулесін қолданатын диагностикалық зерт­теудің бір түрі. Ал Infiniti факоэмуль­си­фикаторы энергияның үш түрлі түрін ме­­ханикалық, ультрадыбыстық немесе Aqualase сұйықтығының жоғары жыл­дам­дықты ағынының энергиясын қол­дану, сондай-ақ бұралу фако­эмуль­сифика­­­­циясын пайдалану арқылы ка­­­та­рактаны жоюға болатын бірегей хи­рур­гиялық қон­дырғы екен. 

Бұл кәсіпкер де коммерциялық ғи­ма­­ратты «Нұрбанк» АҚ-дан 116 млн тең­ге қар­жы алып, сатып алған. Несие бойын­­ша сыйақы мөлшерлемесі 21,75% бол­са, оның 8%-ын кәсіпкер тө­лей­­ді, ал 13,75%-ын мемлекет субси­дия­лайды. Қазір клиника 10 адам­ды жұмыс­пен қамтып отыр. 

 – Біздің клиника 2021 жылы ашыл­ды. Содан бері аптасына 20 адамды көз ауруы­нан арылтып, емдеп келеміз. Қазір көз ау­руы біршама жылға жасарып кетті. Бола­­шақта көздің артқы жағы бойынша опе­­ра­­ция жасауға қол жеткізсек дейміз. Ол үшін, әрине жаңа құрал-жабдықтар керек, оны сатып алуға тағы да «Даму» қорының қолдауына жүгінеміз, – дейді көз дәрігері.

Біз қайда барсақ та қайнаған еңбек­тің, ел игілігін еселеп жатқан мігірсіз жұмыс­­тың куәсі болдық. «Мұның бәрі кә­сіп­кер ең­бегін мемлекет қолдаға­ны­ның, көмек қо­лын созғанының арқа­сы, «Дамумен» бірге дамып келеміз!», – дей­ді бәрі бірауыз­дан.

Сағындық РЗАХМЕТОВ,

Ақтау қаласы