Польшаның Быдгощ қаласында шахматтан әйелдер арасындағы ұлттық құрамалардың турнирі өтіп жатыр.
Сенсация! – Қазақстан құрамасы жартылай финалға шықты
1,565
оқылды

Аталған әлем чемпионатының 1/4 финалында Қазақстан әйелдер құрамасы Германия қыздарын жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Германия құрамасы жарыстың ең мықты құрамаларының қатарында болған. Қазақстан жеңісін мамандар жоғары бағалап, енді чемпиондықтан үміткерлер қатарына қосты.

Қазақстан қыздар құрамасының қатарында Бибісара Асаубаева, Алуа Нұрманова, Меруерт Камалиденова және Әмина Қайырбекова ойнады. Бірінші кездесу 2:2 есебімен аяқталды. Ал екінші ойында 3:1 есебімен қазақ қыздары немістерден басым түсті.