Ішкі істер саласы мамандарының оң имиджін қалыптастыру үшін көптеген реформа жасалды.
Ішкі істер министрлігі тығырықтан шығар күн бар ма?
1,039
оқылды

Шыны керек, бұл салаға басшылық еткендердің барлығы да полицейлердің жүріс-тұрысынан бастап киген киімдеріне, сөйлеген сөздеріне дейін өзгертуге әрекет етті. Әйткенмен, түбегейлі өзгеріс әкеледі деген министрлердің бастаған істі соңына дейін жеткізбегенін де көз көрді.  

Соңғы жылдары Ішкі істер министрлігі құқық қорғау сала­сының бірнеше сатысында тіс­қаққан әрі жемқорлықпен күрес саласында әжептәуір тәжірибесі бар Марат Ахметжанов басқарды. Бұған дейін Бас Прокуратурада біраз тер төгіп, Жемқорлыққа қар­сы күрес агент­тігінің тізгінін ұста­ған ол ха­лыққа мейлінше жа­қын әрі «Ашық үкі­мет» қағи­дасын қатаң ұстану қа­­жеттігін айтып, жұртқа үміт сый­лады. Содан бері де Ішкі істер ми­нистрлігінің мақ­таудан гөрі сын-пікірдің ас­тында қалған сәті көп. Әсіресе, жем­­қорлыққа қа­­тысты көрсет­кіштің арасында да көш бастап жүретін ведомствоға пара­қорлық­пен күрес саласында білген-түйгені көп кадр­дың бас­шылыққа баруы оянған үмітті жан­бай жатып қайта сөндірді. Оның себебі де жоқ емес. Себебі полиция басшысының қа­был­дауына отстав­­кадағы ардагер­лер айлап жазыла алмай жүрсе, соңы Шым­­­кенттегі халықтың шы­рылын есту­­­ден қа­­шып кеткен министр ретінде есте қалды. 

Учаскелік полицей – сайланбалы лауазым

Одан бұрынғы министрлер де құқық қорғау органдарын қайта жасақтау, штат санын қысқарту секілді оңтайландыру жұмысын жүргізгені мәлім. Бірақ өзіндік бағыты қалыптасқан жүйені өзге­р­туден кейін де сыннан көз аш­пайтын құқық қорғау қызмет­кер­лерінің біліктілігі туралы жиі ай­тылып келеді. Отставкадағы по­лиция полковнигі, заң ғылым­дарының кандидаты Елеужан Серімов «Полиция өзін-өзі қорғай алмайтын ең осал орган. Заңмен қорғануы заңда қарастырылмаған. Бетіне зәр шашсаңыз да, жауапқа тартылмайсыз. Бейнетаспаға түсі­ріңіз мейлі, әлеуметтік желіге са­лыңыз мейлі, ата-бабасының түп-тұқиянына дейін түгін қалдыр­май түгендеп беріңіз мейлі, ол үшін сізге түк болмайды. Атып тастаса да бар кінәні өздеріне артып қоя­мыз», – деп ашынады. Оның се­бебін Елеужан Елемесұлы со­цио­­ло­гиялық зерттеулермен тү­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­сін­­­­­­­­­­­­ді­­­реді. Айталық, қазір тұрғын­­дардың 50 пайызы полиция қызметіне сенімсіздікпен қарайды екен. Мәселен, тұрғындардың 42 пайызы өтініш айтқан ісі аяқсыз қалғаны үшін, 34 пайызы – істі жөнсіз созбаққа салу, 18 пайы­зы – мәселеңді негізсіз қайтару және 3 пайызы парақор поли­­цей­лер барын алдыға тартқан. Бұған лауа­зымын асыра пайдалану, қыл­мыстық әрекеттерге бару, жүген­­сіздік пен заңсыздықтарды қо­­­сыңыз. Осылай деген ол құқық қорғау қызметкерлерінің жүріс-тұрысын заңмен баяғыда-ақ тү­зетіп болғанымызды айтады. Ендігі жұмыс олардың халықпен қарым-қатынасын орнатуда болып тұр. Бұл үшін бұрыннан айтып келе жатқан «жұртқа жақын полиция» қағидаты сөз жүзінде емес, іс жү­зінде орындау міндеті тұр.

«Реформаға, экспериментке көне беретін елміз ғой. Кезінде учаскелік полиция инспектор­ларын орамдық полицейлерге ауыстыру туралы ұсыныс жасалды. Бұның маңызды ерекшелігі – учаскелік полиция инспекторла­рын тұрғындардың өздері сайлап алуында жатыр. Заңда солай. Учас­­­келік полиция инспекторы та­­­ғайындалмалы емес, сайланбалы лауазым. Әр үйдің өз учаскелік дәрігері болатыны секілді, әр ау­ланың да тұрғындар арасынан таң­далып алынған өз учаскелік инспекторы болуы тиіс. Оның ұтым­­­­­дылығы сол, полицейдің аула­­­дағы тұрғындарды етене жақ­сы білуінде, олардың қарым-қа­тынастарынан туындайтын барлық мәселелерге қанық бо­луын­­­­да. Президент үнемі көтеретін тақы­рып отбасылық зорлық-зомбы­лықты болдырмау учаскелік поли­ция инспекторы қызметінің бір қыры. Ендеше оның қызметі аума­ғында қылмыс жасырын жа­сала бермейді деген сөз бұл. Тек өз өкі­леттігі шегінде олардан дау­ларды шеше білу дағдысын мең­геруді та­лап етсеңіз болғаны. Әуел­ден сай­ланбалы лауазым екенін поли­ция депар­таменті білсе де, білмей­тіндей сыңай таныта­ды», – дейді Елеужан Серімов. 

Өз бидайын өзіне қуыртқанмен бірдей

Мәжіліс депутаты Абзал Құс­панның айтпағы да осы. Оның айтуынша, егер мемлекет салаға реформа жасауды министрліктің өзіне жүктейтін болса, кезекті рет қателікке жол беріледі. Яғни ке­­шегі және бүгінгі айтылып келе жат­қан сын-пікірлер қайталана береді. «Басқа күштік құрылым­дардан қарағанда халықпен етене жұмыс істейтіндіктен, салаға қа­тысты реформаны министр­ліктің өзіне емес, қоғам өкілдеріне тап­сыру керек. Қоғамға қажет поли­­цейді халық өзі таңдау керек. Әйт­пегенде осыған дейін істелген ре­­форманың барлығы артық өкілеттік пен жалықысын өсіруден әріге аспады», – дейді депутат.

Maqsut Narikbayev University Құқық жоғары мектебінің аға оқы­тушысы Нұрлан Ниеттулаев болса құқық қорғау  қызметінде шешімін таппаған мәселе шаш етектен екенін жеткізеді. Олардың қата­рында кадрлардың сапалық көр­сеткіштері, дербес құрылым­дар­дың қызметіндегі өзара үй­ле­­­­­сімділіктің төмендігі де бар. «Соң­ғы жылдары аймақтардағы ре­­­­­­­­­­­­­зо­нансты істердің астарында жо­­­­ға­­­­­рыда аталған мән-жайлардың да рөлі ерекше бол­ғанын ескеру керек. Атап айтқанда, ерте про­филактиканың дұрыс ұйым­дас­тырылмауы, қызме­тіне немқұ­рай­лы қарайтын кадрлар­дың көптігі ішкі істер органдарының қызме­тіне кері әсерін тигізіп отыр. Оған қоса, бұл құрылым әдетте­гінше өз қызметіндегі ашықтыққа қол жет­кізуге жасанды кедергі­лерін заң­намада бекітуге мүдделі екен­дігі де мәлім. Адам құқықтары мен бос­тандықтарын шектеуге бай­ла­нысты едәуір мүмкіндіктері бол­ғандықтан, қоғам да бұл органның қызметі жайлы жеткілікті ақпарат алуға мүдделі де құқылы екендігін ескеру керек. Алайда әралуан се­бептерге бола әлі күнге дейін ішкі істер органдары туралы ақ­параттар жет­кілікті деп айтуға келмейді. Олар­дың қызметіне қо­ғамдық ба­қылау орнату жоқтың қасы», – дей­ді заңгер. 

Жақында Президент көргені көп, түйгені мол, осы саланың оты­­мен кірген тағы бір білікті кадр­ды басшылыққа қойды. Бас­шылық құрамның жиналысына қатысқан Мемлекет басшысы алдыңғы министрдің жұмысын оң бағалап, елдегі цифрлық техно­логияларды енгізу, жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілерін жедел тіркеу, сондай-ақ полиция жұмы­сының ашықтығын қамта­масыз ету сынды бастамаларына тоқ­талды. Алайда одан басқа жұмысты оңдыра алмағаны да айтылмай қалған жоқ. Айталық, сервистік полиция сөз жүзінде ғана болмаса, іске жүзінде іске асқаны байқал­­­­май­ды. Қоғам өкілдері құқық қор­­ғау саласындағы ашықтықты аң­­ғарып та үлгермеді десек бола­ды. Оның анық дәлелі сол, әлеу­меттік желіде де, түрлі инстанция­ларға жіберілген талап-арыз­­­дардың арт­қанынан анық көруге болады. Тіпті, жәбірленушілердің талап-арызы аяқсыз қалып, көптеген істің ашылмай жатып жабылғаны көп. «Балалар жылы» деп жария­­­лан­ған жылы кәмелетке толма­­ған­дардың құқықтарын қорғау ста­­­тистикасы биыл да нашарлады. Өс­­­­­келең ұрпақтың құқықтық сауат­­тылық деңгейінің өспеуі­нен-ақ ақпараттық-түсіндіру жұ­мыс­­тары да сәтсіз аяқталғанын бай­қау­­ға болатындай. Отба­сы­­­­­­­­­­­­­­­лық-тұрмыстық зор­лық-зом­былық бойынша атқарылған про­­фи­­лактикалық жұмыс та нә­­тиже көрсетпеген. Себебі әртүр­лі қо­ғамдық ұйымдар мен сенім теле­фондарына хабарласқан тұр­­­мыс­тық зорлық-зомбылық құр­бан­­­­­­дары да артпаса, кемімеген. Алаяқ­тармен күрес шарасы жемі­сін беріп, жол-көлік оқиғалары­ның ал­дын алу жұмысы айтарлық­тай жақсарды деуге дәлел таппай қиналамыз. Ал өңірлік департа­менттердегі непотизмнің жоғары деңгейі мен сыбайлас жемқор­лық­қа қатысты деректер де ауық-ауық айтылып, құқық қорғау қызмет­керлерінің қызметтік өкі­лет­тігін пайдаланып қылмысқа барғаны, вандализмге жол бергені туралы жаңалықтар ақпарат өрісін басып алды. Ендеше күштік құры­лымға қажет өзгеріс жұрт көзінен жа­сырын жасалса, құрдымнан шы­ғар күн алыс секілді.

Жадыра МҮСІЛІМ