Елімізде 350 мыңнан аса педагог еңбек етеді. 220 мыңнан аса педагог аттестация қорытындысымен тағайындалған біліктілік санаты үшін жалақысына қосымша ақы алады, – деп хабарлайды "Қазақстан" телеарнасы.
Педагог-шеберге 50 пайыз, педагог-зерттеушіге 40 пайыз, педагог-сарапшыға 35 пайыз, педагог-модераторға 30 пайыз қосымша ақы төленеді.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 4 жыл ішінде педагогтердің жалақысы 100 пайызға арттырылды. Жаңа оқу жылынан бастап мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру педагогтерінің еңбекақысы 30 пайызға көбейтілді.
Фото: Halyq Uni