Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина Сан-Диего (АҚШ) WTA 500 турнирінің ширек финалына өтті.
Қазақстандық теннисші америкалық Бетани Маттек-Сандспен бірге алғашқы айналымда норвегиялық Ульрикке Эйкери – эстониялық Ингрид Нилмен бақ сынасты.
1 сағат 39 минутқа созылған матчта қазақстандық-америкалық жұп 6:3, 7:6 (7:4) есебімен жеңіске жетті.
А.Данилина – Б.Маттек-Сандс жартылай финалға шығу үшін жарыстың 2-ракеткалары, жапониялық Сюко Аояма – қытайлық Чжаосюань Янмен таласады.
Фото: ktf.kz