Күн тәртібіне сәйкес, отырыс барысында «2007 жылғы 6 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бітімгершілік қызметі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы», «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің аумағында ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдары құралымдарының уақытша болуына байланысты істер бойынша юрисдикция және құқықтық көмек көрсету мәселелері жөніндегі келісімді ратификациялау туралы» және «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының әскерлерін (Ұжымдық күштерін) бірлескен материалдық-техникалық және медициналық қамтамасыз ету туралы келісімді ратификациялау туралы» заңдар қаралды.
Аталған заңдардың бірінде «үйлестіруші мемлекеттің» болуын көздейтін норма бар. Бұл ҰҚШҰ-ның бітімгершілік контингентінің БҰҰ аясындағы бітімгершілік операцияларға қатысуы үшін қоятын Біріккен Ұлттар Ұйымының талабы екенін атап өткен жөн. Мұндай мемлекет логистика, контингентті тасымалдау және қаржы мәселелері бойынша БҰҰ-мен өзара іс-қимыл жасау үшін айқындалады. Өз кезегінде, ҰҚШҰ-ға мүше әр мемлекет бітімгершілік операцияларға қатысу дәрежесі туралы шешімді дербес және ерікті түрде қабылдайды.
«Қаралған заңдар Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының қызметіне қатысты жекелеген мәселелерді реттеуге бағытталған. Атап айтқанда, ұйымның бітімгершілік әлеуетін Біріккен Ұлттар Ұйымы шеңберінде қолдану мүмкіндігі қарастырылды. Сонымен қатар заңдар аясында мүше-мемлекеттердің құқықтық көмек көрсету, материалдық-техникалық және медициналық қамтамасыз ету саласындағы өзара іс-қимылдың негіздері мен шарттары анықталады. Осы заңдар ұйымның бейбiтшілік пен тұрақтылықты нығайту жолындағы іс- шараларының тиімділігін арттыруға он үлесін қосады деп сенеміз», – деді Мәулен Әшімбаев.
Сонымен қатар палата отырысында сенаторлар депутаттық сауалдарын жолдады.