Жаңарған автопарк
Жаңарған автопарк
5,248
оқылды
Елімізде осыдан 4 жыл бұрын өндірушілердің ке­ңей­тіл­­ген міндеттемелері (ӨКМ) қағидасы енгізіл­ді. Осы ба­ғыт бойынша Қарағандыда ескі көліктерді жою, кә­деге жа­рату зауыты қарқынды жұмыс істеп жатыр. Атал­ған кә­сіпорын – Орталық Азиядағы бірегей за­ма­на­уи тех­но­логиямен жабдықталған кәсіпорын саналады. 2016 жылдан бері зауытта 125 мың­нан астам ескі көлік жойы­лып­ты. Экологтердің есебінше, олар­дың экологиялық залалы 270 мың тоннадан астам шы­ғарынды деп саналады. Бұл көлем ело­р­да­ның Жылу энерго орталығы шы­ға­рып жатқан экологиялық қал­дық­тан он есе көп.
Қаңтар айының қоры­тын­дысы бойынша, елімізде 35,8 млрд тең­геге 5 884 көлік құрас­тырылды. Қа­­зақстан автобизнес қауым­дас­ты­ғы баспасөз қыз­метінің ха­бар­лауынша, өндіріс көлемі өткен жыл­ғы көрсет­кішпен салыстыр­ған­да 81,9% ұлғайған. Әдеттегідей не­гізгі өсім жеңіл көлік есебінен бо­лып отыр. Өндіріс 67%-ға өсіп, 5 161 дана автокөлікті құрады. «Өт­кен жылы автомобиль өн­діру­шілер өндірісті екі есе арттырды. Со­нымен бірге жеңіл автомобиль жасау саласының еліміздегі ма­шина жасау құрылымындағы үлесі 38% -ға жоғарылады. Биыл да өсім болады деп ойлаймыз. Бірақ оның қа­лай өсетіні алдағы сатылу нары­ғына байланысты айқындалады», – деді Қазақстан автобизнес қауым­дастығының вице-президенті Анар Ма­қашева.
Жеңіл автокөлік нарығының жан­дануына ӨКМ қағидасының үл­кен әсері бар. Мәселен, 2017 жыл­­дан бастап елімізде сер­ти­фи­кат жеңілдігін беру жүйесі жүзеге аса бастаған болатын. Ол жүйенің басты артықшылығы, егер сіз тоз­ған автокөлігіңізді өткізетін бол­саңыз, қолыңызға сертификат бе­р­іледі. Осы сер­тификатпен отан­дық автоөн­дірушілерден жаңа кө­лік сатып ала аласыз. Сер­ти­фи­кат жеңіл­дігі 315 мың теңгеден 750 мың теңге аралығында. Былтыр 36 мың көліктің 26 мыңы жеңілдік сер­тификаты арқылы өткізілген, яғ­ни жеңілдік сертификаты ен­гізілгелі оған қызығушылық арт­қа­нын көрсетеді. 2019 жылы 11 500 адам жеңілдік серти­фикаты ар­қы­лы жаңа көлік сатып алыпты.
Осы кезең ішінде қос­та­найлық «Са­рыарқаАвтоПром» ком­па­ния­сы 2 816 дана техника шығарса, өс­кемендік кәсіпорын «АзияАвто» 2 538 көлік құрас­тырған. Сондай-ақ Семейдегі «СемАЗ» авто­құрас­тыру зауыты 296 жүк тиейтін көлік құрас­тырса, көкшетаулық «КА­МАЗ Инжиниринг» 60 тех­ника, Daewoo Bus Kazakhstan 32 автобус шыға­рып­ты. Осылайша, жер­гілікті өн­ді­ріс автомобильдері барлық са­тылымдардың 61%-нан асты. Яғни, ішкі нарықта сатылған әр үш көліктің екеуі Қазақстанда шы­ғарылған автомобиль.
«ӨКМ операторының» ресми сай­тындағы ақпаратқа сүйенсек, опе­ратордың қол­дауымен 75 мың тон­на шина кәдеге жаратылған. Ал пайда­ланылған аккумуля­тор­дың 95% қайта өңдеуге жіберіліпті. Одан бөлек, 12 782 тонна көлік майы қайта өңделді. Сонымен бірге 2017-2018 жыл­дары 120 364 тонна қаптама қал­ды­ғы, 15 мың тонна полимер, 279 тон­на металл ыдыс, 28 мың тонна шы­ны және 76 мың тонна қағаз, кар­тон қалдығы өңделіп шыққан.   Дастан ДУМАН