Азия ойындары Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатыр.
Азия ойындары: бүгін Қазақстан спортшылары жарысқа шығады
1,551
оқылды

Olympic.kz Қазақстан спортшылары қатысатын жарыс кестесін ұсынды. 

Бүгін спортшылар үстел теннисінен бақ сынайды. Академиялық ескек есуден жартылай финал өтеді.

Атап айтқанда (Астана уақытымен): 

Спорт түрі: жағажай волейболы, әйелдер. Қытайға қарсы матч (топтық раунд)

Спортшылар: Алина Радченко, Анастасия Уколова

Басталуы: 10:00

Спорт түрі: жағажай волейболы, ерлер. Қытайға қарсы матч (топтық раунд)

Спортшылар: Нұрдос Алдаш, Кирилл Гурин

Басталуы: 13:00 

Спорт түрі: заманауи бессайыс, ерлер. Семсерлесу, жүзу, лазер-ран

Спортшылар: Павел Ильяшенко, Кирилл Стадник, Темірлан Әбдірайымов, Георгий Борода-Дудочкин

Басталуы: 08:00

Спорт түрі: академиялық ескек есу, ерлер (жалғыз). Жартылай финал

Спортшылар: Владислав Яковлев

Басталуы: 13:30

Спорт түрі: үстел теннисі, ерлер/әйелдер. Командалық жарыстар, біліктілік

Спортшылар: Қазақстанның ерлер және әйелдер командалары

Басталуы: 08:00

Спорт түрі: волейбол, ерлер. Жапонияға қарсы матч

Спортшылар: Қазақстанның ерлер командасы

Басталуы: 12:30

Азиаданың ресми ашылу салтанаты ертең Ханчжоуда өтеді.

Фото: olympic.kz