«AMANAT» партиясы Бостандық аудандық филиалының саяси кеңес мүшесі Әйгерім Уәлиева Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығына арнайы жұмыс сапарымен келді.
Әлеуетті арттыруға тың серпін керек
567
оқылды

Кездесуді ғылыми орталықтың Құқықтық және кадр бөлімінің бас маманы  Айжан Ожабекқызы жүргізді. Жиын барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын толық түсіндірді. 

Ұлттық ғылыми орталық қызмет­кер­­лері қалада мектеп, балабақша орын­­­дарының жетіспеушілігі, ауызсу және көптеген өзекті әлеуметтік мәсе­ле­­лер­мен қатар өз сұрақтарын ортаға тастады.

Азаматтарға кеңес беріп, оларды тол­ғандырған мәселелерді шешумен қатар, партияның қоғамдық қабыл­дау­ла­рында Мемлекет басшысының Жол­дауын түсіндіру жұмысы да белсенді жүр­гізіліп келеді.

– Ауызсу тапшылығы, коммуналдық тө­­лемдердің өсімі мен бағалардың тұ­рақ­­­­сыздығы сияқты сұрақтар жұрт­шы­лық­ты көптен бері мазалап отыр. Прие­зи­дент өзінің Жолдауында «Жер ама­на­ты», «Ауыл аманаты», «Қарызсыз қо­ғам» сияқты ел үшін маңызды жобалар осын­дай әлеуметтік және экономи­ка­лық мәселелерді шешудің жолдарын мен бастамаларын айтты. Мұндай жо­ба­лар өз кезеңімен ел экономикасын кө­теруге бағытталған», – деп атап өтті Әйгерім Уәлие­ва. 

Сонымен қатар «AMANAT» партия­сының өкілі қыз­меткерлерге ел Пре­зидентінің ха­лық­қа арналған Жолдауы аясында Ұлт­тық орталық қойған мақ­саттарға  жету жо­лында қайсарлық пен табандылық тіледі.