Әлем электронды күнделікті 1975 жылдан бастап қолданса да, біздің елге бұл жүйенің келгеніне 7 жыл болды. Кем-кетігі де баршылық.
Күрмеуі көп «күнделік»
913
оқылды

Әсіресе, ұстаздар қауымы электронды күнделіктің тиімсіз екенін, жүйедегі жарнамадан көз сүрінетінін айтып, шағымданудан шаршаған емес. Тіпті, биыл Ақтөбе облысы «Күнделік» электронды журналынан бас тартты. Онлайн журнал төңірегінде пікірталас неге толастамайды? «Күнделікке» балама отандық платформа бар ма? 

Жүйеде ақпараттық қауіпсіздік сақталмаған

Жақында Мәжіліс депутаты, «AMANAT» пар­тия­­сы фракция­сы­­­­­­ның мүшесі Ерлан Сайыров мек­­теп оқушыларына арналған «Күн­делік» жүйесінің ол­­­­қылық­тарын Парламент төрінде көтерді. Бұл жө­нінде депутат Премьер-Министрдің орынбасары Та­мара Дүйсеноваға, Бас Прокурор Берік Асыловқа сауал жолдады.

– Электронды қызмет көрсете ала­тын бір емес, бір­­неше отандық ком­панияның болуына қарамас­тан, са­рапшылардың айтуынша, сол кездегі заманын қо­нышынан бас­қан топтардың қысымымен құ­­­­зыр­­лы орган 4 миллион қазақ­стан­дық оқушының жеке мәлі­мет­терін жинау, сақтау және өңдеу қыз­метін еш­қандай іріктеу мен байқаусыз, шетелдік компа­ния­ға 12 жылға беріп жіберген. Нәти­же­сінде, бұл са­ла­да шетелден бас­қары­­латын қолдан жасалған мо­но­полия пайда болды, – деді Ер­лан Сайыров. 

Оның айтуынша, сыртқы мо­но­полия күшімен Қа­зақ­станның бар­лық балалары, мұғалімдері мен ата-аналары жалпы саны 7 мил­лион адам мемлекет пай­да­ла­нуға міндеттеген «Күнделіктен» күн­делікті жа­ғымсыз жарнама к­ө­ру­ге мәжбүр.

– Соның ішінде этика мен ұлт­тық дәстүрге жат, са­наны улай­тын, жалаңаштанған, нәпсі мен ойын­­ның жарнамасы көп. Бұл жө­нін­де ақпарат құралдары үнемі да­был қағуда. Мектеп оқушы­ла­рын жағымсыз жар­нама қарауға мін­деттеп, сол арқылы шетелдік мо­­нополияны байытуға жол бер­ген заң немесе мем­ле­кеттік-жеке­ше­лік әріптестік әлемнің бірде-бір елін­де жоқ. Бұл аз болғандай, «Күнделік» жүйесі «Ұлт­тық ақ­па­раттық технологиялар» атты мем­ле­кет­тік мекеменің серверлерін пайдаланады және ол үшін Оқу-ағарту министрлігі жыл сайын 800 млн тең­ге қаржы төлейді деген ақ­паратты Бас прокуратура тек­серуі қажет, – деді депутат.

Айта кету керек, «Күнделік» бар­­лық мектепте 2030 жылға дейін қол­дануға міндетті жалғыз элек­трон­ды жүйе. Ерлан Сайыровтың пі­кірінше, «Күнделіктегі» мәлі­мет­тер жоғалса, жарнама берушілерге са­тылса немесе астыртын зиянды жол­мен қолданылса, кім жауап бе­ре­ді? Бұл сала монополиялық рет­теу­ге мүлде жатпайды, сондықтан бә­секелестік болуы шарт. Жақында тура осындай шетелдік қызмет бо­лып саналатын «Яндекс таксидегі» ере­сектердің жеке мәліметі мәсе­ле­сі қоғамда қызу талқыланды. Ал «Күн­делік» – балаларымыздың же­ке мәліметіне қол сұғып, рухани кел­бетіне кері әсер ететін, ұлттық қауіп­сіздіктің тамырына балта шабу­ға қабілетті өзекті проблема. Ба­лалардың санасы мен ұлттың ер­теңіне төнген қауіпті ескеріп, Үкі­мет шұғыл әрекет етуі қажет. 

Жарнамалық табысы жақсы

Жалпы электронды күн­де­лік – маусымдық өнім. Се­бебі оқушылармен тікелей бай­ла­нысты болғандықтан, шәкірттер де, ата-аналар да каникул кезінде он­лайн күнделіктің бетін аш­пай­ты­ны мәлім. Алайда еліміздегі жүз мың­даған педагог күн сайын кірген соң Kundelik.kz жаз кезінде де рей­тингте алғашқы ондыққа кіреді. Электронды күнделікті пайдала­на­тындардың 51 пайызы мектеп оқу­шылары, 13 пайызы мұғалімдер бол­са, 36 пайызы – ата-аналар. Жа­­­­қында ата-аналар мен мұғалім­дер үй тапсырмасы және бағалардан бөлек, платформада басқа да көп­теген жарнамалардың жиі кездесе­ті­нін айтып дабыл қақты. Оқу процесіне қатысушыларға тамақ пен әшекей, кино мен киімдердің жар­намасы қажет пе деген сұрақ туын­дайды. Тіпті электронды күн­делікте жұмсақ матрасты жарна­ма­лайтындарды кезіктіре аласыз. Бі­лім сарапшысы Мейіржан Темір­бек­тің айтуынша, Kundelik – же­ке­меншік компания. Мемлекет та­рапынан ақша төленбейді. Жарна­ма арқылы күнін көріп отыр. Каз­нетте рейтинг жағынан алдыңғы орын­да. Қолданушылары өте көп. Бұл платформа Ресейдегі «Днев­ник­тің» баламасы, бірақ ішкі функ­ция­лары біздің Оқу-ағарту ми­нистр­лігінің бұйрықтарына қарай көп өзгерген.

– Электронды күнделіктің бе­тін­дегі жарнамадан көз сүрінеді. «Жар­нама салмаңдар» деп плат­фор­маға тағы айта алмайсың. Өйт­кені, олар Үкіметтен ақша алып отыр­ған жоқ. Жарнамадан түскен қар­жымен күн көріп отыр. Қызмет­керлерінің айлықтарын да сол та­быс­пен төлеп отыр. Біз «Неге жар­­нама көп?» деп шағымданғанда осын­дай дәлелдер айтқан. Күнде­лік­тің жұмысы әлі бір жүйеге кел­тірілмеген. Автоматтандыру жағын реттеу керек, – дейді Мейіржан Темір­бек.

Оның пікірінше, электронды жур­нал, күнделік, цифр­лан­дыруды жүзеге асырып жатыр де­месең бұл жүйенің өзгертетін тұс­тары көп. Ұстаздар бір сабақты тол­­тыру үшін үш-төрт бет ашып, әлек­­ке түседі. Одан кейін сайт мың­­даған мұғалімнің кіргенін кө­тер­мей, істен шығады. Соңында рей­­тинг дұрыс болмағаны үшін та­ғы да мұғалім сөз естиді.

Ал компанияның жарнамадан қан­ша табыс табатыны белгісіз. Біз kundelik.kz-ке жарнама беруші ре­тінде хабарласып көрдік.

– Жарнама беру үшін бізге уа­қыт­тың аралығы мен қай қалаларға жар­нама жасайтыныңызды айт­саңыз жеткілікті. Бізде баннерлік, ма­қала және мұғалімдерге арналған ар­найы бөлім сияқты жарнама түр­лері бар. Жарнаманың бағасы бел­гіленген уақытқа және аймаққа ті­ке­лей байланысты. Мысалы, рес­пуб­ликада 700 мың мұғалім бар. Сон­­дай-ақ білімге қатысты жарна­маларға жеңілдік қарастырылған. Егер сіз Астана қаласы бойынша екі айға сайтқа жарнама орналас­тырсаңыз бағасы 650 мың теңге тұ­рады. Мақсатты аудиторияда ба­лалар жоқ болса, ата-аналар мен мұғалімдерге арналған жарнамалар­ды да бере аласыз. Жарнама белгілі бір талаптарға сай келуі керек. Көбінесе дұрыс тамақтану, оқу-ағартуға, тұрмыстық қолданысқа арналған жарнамалар шығады. Осын­ша жарнама аламыз деген шек­теу жоқ. Трафик көп болған­дық­тан ала береміз. Жарнамалар асып қалатын болса, біз оны Ян­декске сатып жібереміз. Оқу ағарту министрлігі сайтты қадаға­лап, ба­қы­лаудан өткізіп отырады, – дейді kundelik.kz сайтының менед­жері Ардақ.

Компания ешқашан мемлекет­тік субсидия алмаған. Оқу ағарту м­и­нистрлігі де бұл жобаны қаржы­лан­дырмаған екен. Сондықтан пай­даланушылар көретін жарнама – бұл жұмысшылардың еңбегін, жалдау ақысын және салықтарды төлеудің жалғыз тәсілі. Сондай-ақ, осы та­быс­тан электронды порталды да­мы­туға инвестиция да салынады екен. 

Күнделікке балама қосымша бар ма?

6 500 мектеп пен 7 миллионға жуық қолданушысы бар «Күнделік» платформасында ақпараттық қауіп­сіздік қаншалықты сақта­лады? «Жар­­намамен жан бағамыз» деп өздерін ақтаған компанияның мил­лиондаған оқушының жеке дерегін қол­ды қылып жібермесіне кепілдік бар ма? Қоғамды алаңдатқан мә­се­ле де осы. Шетелдіктер жасаған плат­формаға үрке қарайды. 7 жыл­да Оқу-ағарту министрлігінің отан­дық электронды журнал жа­сауы­на да болар еді. Бірақ құзырлы орган бұл мәселеге мойын бұрғысы кел­мей­ді. «Күнделікке» дейін де орта бі­лім саласында электронды плат­фор­малар болған. Айталық, 2008 жыл­дары пилоттық жоба ре­тінде Маң­ғыстау облысының мек­тепте­рі­не Мектеп.Edu жобасы кең тарал­ды. Жүйе мектеп мұғалімдері үшін сабақ беру процестерін электронды фор­матқа, ал ата-ана­лар үшін сы­нып журналы, күнделік, мектеппен қа­рым-қатынас құралы ретінде жа­сақталған болатын. Со­дан бері бұл жоба Маңғыстау өңірінде сәтті қол­данысқа еніп, барлық мектептер бел­сенді жұмыс істеді. Алайда арада жыл­дар өтіп, 2012 жылы ұлттық E-Learning жобасы келгенде, бұл жо­баның қажеттілігі шектеліп, тоқ­тады. Кейін E-Learning жобасы да ұзақ­қа барған жоқ. «Күнделік» қол­да­нысқа енгеннен кейін бұл жоба да қолданыстан шықты. Бүгінде Bilimland компаниясы «Күнде­лік­ке» балама «Білім класс» журналын шы­ғарып отыр. Жаңа оқу жылынан бас­тап, Ақтөбе облысы «Күнделік» элек­тронды журналынан бастар­тып, «Білім класс» журналын қол­да­на бастады. Себебі өңірде «Ақ­тө­бе облысындағы шағын жинақты мек­тептердің әлеуетін арттыру» ат­ты пилоттық жоба жүзеге асыры­лып жатыр.

– «Білім класс» журналын қол­дану­дың өз артықшылығы болады. Мұн­да ауыл мектептерінің мұ­ға­лім­дері үшін электронды нұсқада дайын материалдар жүктеледі. Бар­­­лық цифрлық ресурсты тегін қол­дана аламыз. Онда 26 мыңнан ас­там сабақ, 8 мыңға жуық пайдалы ақ­парат орналастырылған. Бәрі мұ­ғ­алімге, оқушыға қолжетімді, – де­ді Ақтөбе облыстық білім бас­қар­ма­сы басшысының орынбасары Нұр­гүл Бертілеуова.

Пилоттық жоба еліміз бойын­­­ша Ақ­төбе, Ұлытау, Түр­кіс­тан облыстарына қолданыс­қа енген. «Білім класс» жүйесі тек қана элек­тронды журнал емес. Бұл жерде 37 пәннен тұратын сабақтар мен та­қы­­рып­тық жоспарлар да қамтыл­ған. Оқушылардың қозғалысын ба­қылайтын арнайы функция да қам­тылыпты. 

Ендеше «Күнделіктің» орнын ал­мастыратын, отандық платфор­ма­лар бар. Ал оның оқушылар мен мұ­ғалімдер үшін қаншалықты тиім­ді екенін уақыт көрсетеді. 

Көктем ҚАРҚЫН