Қытайдың Ханчжоу қаласындағы Олимпиадалық спорт орталығының стадионында 19-шы Азия ойындары басталып кетті. Жарысқа құрлықтың 45 елінен 15 мыңнан астам спортшы қатысуда. Олар спорттың 40 түрінен 481 медаль үшін күреседі.
Азия ойындары басталды
1,045
оқылды

Ал Қазақстан спортшылары 30 спорт түрінен 305 медальді са­рап­қа салады. Айта кету керек, ұлт­тық құрама Азия ойындарына 1994 жылдан бері қатысып келеді.

«Қазақстаннан Ханчжоуға спорт­тың 30 түрінен 525 спорт­­­шы аттанды. Оның 27-сі Олимпиада бағ­­­­дар­ламасына енген, қал­­­­ған үшеуі олимпиадалық емес спорт түрлері. Сондай-ақ ал­­­дағы жа­­­­рыста 8 спорт түрі бойын­­ша Па­­риж Олим­пиада­­сына жолдама сарапқа салынады. Олар: бокс, садақ ату, заманауи бессайыс, жүзу, брейк, допты хок­­­­кей, тен­нис және жеңіл атле­­­тика. Спорт­­тың 4 түрінен рей­­­­тинг­тік ұпайлар ойынына қа­­­ты­­­сады. Олар: таэк­­­вондо, дзюдо, триат­­­лон, бадмин­­тон», – деп ха­­­бар­лады Туризм және спорт ми­­нистрлігі. 

Киберспортшылар да қатысады

Бір қызығы, Қазақстанның ки­­­­бер­­­спорт құрама командасы 19-шы Азия ойындарында алғаш рет ел намысын қорғайды. Азия ойындары әлемдегі ең беделді ха­­лық­­аралық спорттық іс-шара­­­лардың бірі. Сондықтан қазақ­­стан­­­дық киберспортшылар үшін бұл жауапты кезең. Ұлттық құ­рама­­­­дағы әр спортшы өз саласы­­­ның кәсіби маманы. Қазақстан киберспорт әлеміне жаңадан аяқ басса да, жеңіс қоржынында же­­­тіс­­­тіктер аз емес. Бірнеше ха­­­лық­­­аралық ұйымдардың баға­лауы бойынша біздің спортшылар көш басында келеді. Кибер­­­спорттың ерекшелігі – қатысу­­шы­­­­лар бел­­­гілі бір құрылғыны қол­­данып, жарысқа түседі. Телефон, Playstation немесе компью­тер арқылы ойнайды. Киберспорт ұғымы 80-жылдары Америкада пайда болса, Қазақ­­­станда 2000 жыл­­­дардың ортасын­да белсенді түрде дамыды. Ал 2018 жылы ресми спорт түрі ре­тінде танылды.

– Былтыр желтоқсан айында Бали аралында халықаралық жа­рыс өтті. Қазақстан Джимо­­байл бойынша алтынмен оралды. Енді олар бізді әрбір чемпионатқа чем­­­­пион ретінде шақырады. Елі­мізде киберспорттың деңгейі ай­­тар­лықтай дамыған, – дейді Қазақ­­станның киберспорт құ­ра­­­ма­­­­сы­­­­ның жаттықтырушысы Ер­жан Шакеев. 

Спортшыларымыз финалда

Кеше жазғы Азия ойында­рын­­да бессайыстан екінші жар­­тылай финал өтті. Қазақстан намысын Григорий Борода-Ду­­­доч­­­кин мен Темірлан Әбдраимов қорғады. Әбдраимов бесінші орын алды, ол 1 100 ұпай (285 – жүзуден, 222 – семсерлесуден, 593 – лазер-раннан) жинады. Ал Григорий Борода-Дудочкин 1099 ұпай (292 – жүзуден, 211 – сем­­серлесуден, 596 – лазер-раннан) ұпаймен алтыншы орын­ға тұрақтады. Финалға үздік 9 спортшы шықты. Айта кету ке­рек, бұған дейін финалға қа­­­­зақ­­стандық Павел Ильяшенко мен Кирилл Стадник шыққан еді. 

Ал әйелдер арасында жарысқа қатысушылар саны аз бол­­ған­дықтан Анастасия Кочеткова, Еле­­­­на Потапенко, Людмила Яков­­­­­­­­ле­­­­ва, Кристина Рябовалар ірік­­­теусіз, бірден финалда өнер көрсетеді. Ерлер мен әйелдердің финалдары 24 қыркүйек күні өте­­ді. ТОП-5 енген спортшылар Олим­­пиада лицензияларын ие­­­ле­­­неді. Бірақ 1 елге 1 жолдама ғана берілетінін ескерте кетуіміз ке­­рек.

Боксшыларға артылған үміт үлкен

Әлемдік деңгейдегі додаларда, бірінші кезекте бокшыларға үл­кен жауапкершілік жүктеледі. Бұл жолғы Азия ойындарына қа­­­тысатын жеті боксшының екеуі – Олимпиада жүлдегері, үшеуі – әлем чемпионы. Сондықтан атал­­­ған спорт түріне жанкүйерлер үлкен үмітпен қарайды. Әсіресе, Әлем чемпионатында жеңіс тұ­ғырынан көрінген Махмұт Са­­­быр­­­­­хан мен Асланбек Шым­­­бер­геновтен, Нұрбек Оралбайдан «алтын алар» деген үміт көп. Ал қыздар боксында әлем чемпио­­­на­тының күміс жүлдегері Карина Ибрагимова, сондай-ақ екі дүр­­­кін әлем чемпионы Назым Қы­зай­­бай Азия ойындарында топ жарады деген сенімдеміз. 

– Спортзалда алғашқы жат­ты­­­­ғуымызды бастап кеттік. Шә­­кірттеріме қарсылас болады-ау де­ген боксшылардың барлығын білеміз. Кезінде Данияр Елеусі­­­нов, Әбілхан Аманқұл, Тұрсын­­­бай Құ­­­лахмет секілді мықты бокс­­­­­шыла­­­­рымызға қарсылас бол­­­­ғ­ан филип­­­­пиндік Эумир Мар­сиаль кәсіпқой бокстан әуесқой боксқа қайта оралыпты. Ол бүгін­­де 80 кило салмақта жұдырық­­тасады. Нұрбек Оралбайдың – басты қарсыла­сының бірі. Біздің құрама сары құрлық додасына өте жоғары дең­­гейде дайындалып келді. Бұйыртса, сол жеті сал­­­­мақ­­­тан берілетін 14 жол­даманың мей­лін­­­­ше көбіне иелік етеміз деп ой­лай­­­мын. Бар-­лығын ринг көр­се­теді. Десе де үш жол­­дамадан дәмеліміз, – деді бокстан ұлттық құраманың бас бап­кері Мырза­­­ғали Айтжанов. 

Иә, Азия ойындары Париж Олимпиадасына жолдама алудың бірден-бір жолы. Сондықтан жанкүйерлер де спортшы­­­­лары­­мызға сәттілік тілеп, тақы­мын қы­сып отыр. 

Кербез ЕСІМ