Қазақстандық құрам 1 111 балл жинады.
Азиада-2023: Қазақстанның ерлер командасы нысана көздеуден күміс медаль жеңіп алды
1,163
оқылды

Азиада ойындарында Қазақстанның ерлер командасы нысана көздеуден күміс медаль жеңіп алды.

Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, құрамында  Бақтияр Ыбраев, Андрей Худяков  пен Асадбек Нәзірқұлов  бар Қазақстан командасы 10 метрден қозғалмалы нысанаға атудан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.

«Қазақстандық құрам 1 111 балл жинады. Бірінші орынды Оңтүстік Кореядан келген мергендер (1 116), үшінші орынды Индонезиядан келген спортшылар (1 098) иеленді», - делінген хабарламада.

Бұл – нысана көздеу бойынша жарыстарда Қазақстан құрамасының үшінші марапаты. Осыған дейін Никита Чирюкин жылдам атылатын мылтықтан қоланы жеңіп алған.

Тағы бір қола жүлдені Ислам Сәтпаев / Александра Ле жұбы жеңіп алды, ол 10 метрлік пневматикалық мылтықтан ату жарыстарында өнер көрсетті.