Қазақстан Президенті Іс басқармасының Президенттік орталығында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған сарапшылық кездесу өтті.
ҚР Президенттік орталығында Жолдаудың негізгі қағидаттары талқыланды
1,067
оқылды

Іс-шараға ҚР Парламентінің депутаттары, шетелдік дипломатиялық өкілдіктердің басшылары, қазақстандық және шетелдік сарапшылар, елдің жетекші жоғары оқу орындарының магистранттары мен студенттері қатысты.  Өткізудің офлайн, онлайн форматы арқылы 100-ден астам қатысушы қамтылды.

ҚР Президенттік орталығының директоры Бақытжан Темірболат өзінің сөзінде атап өткендей, Жолдауда көзделген құрылымдық экономикалық өзгерістер елімізде "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" ұранымен басталған саяси жаңғырудың жалғасы болып табылады. Қазақстанның жаңа экономикалық моделінің негізінде дауысы маңызды мемлекеттік мәселелерде шешуші болуға тиіс қарапайым азаматтардың мүдделері мен қажеттіліктері жатыр.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұржан Әшімбетов Жолдаудың негізгі бағыттарын заңнамалық қамтамасыз ету мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқталды. Бұл ретте, парламентарий атап өткендей, бұл жұмыс салалық және қоғамдық ұйымдарды кеңінен тарта отырып жүргізілуде.

Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Саидикрам Ниязходжаев Жолдаудың міндеттерін шешуге ықпал ететін өңірлік кооперацияның перспективалық бағыттары туралы айтып берді. Оның айтуынша, қазір Қазақстан мен Өзбекстан арасында индустрия, ауыл шаруашылығы, көлік, су пайдалану, сауда, туризм салаларында бірқатар бірлескен жобалар жүзеге асырылуда.

Өз кезегінде М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстандық филиалының директоры Александр Сидорович әлемдік озық тәжірибені ескере отырып, Жолдаудың ережелерін теориялық пысықтаудың маңыздылығына назар аударды.

ҚР Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары Нұрлан Сақуовтың айтуынша, бұл Жолдаудың ерекшелігі  - оның миссияны, негізгі индикаторларды, соңғы мерзімдерді және жауапты орындаушыларды нақты көрсете отырып, орта мерзімді кезеңге арналған экономикалық стратегия канондары бойынша әзірленгендігі. Оның пікірінше, бұл фактор Жолдаудың мақсаттарына жету үшін қолайлы жағдай жасайды.

Талқылау барысында ҚР Ұлттық ядролық орталығының бас директоры Эрлан Батырбеков, Экономикалық зерттеулер институты Басқарма төрағасының орынбасары Әділ Құсманов,  NTEL LIMITED  IT компаниялар тобының директоры Анатолий Широчкин, Бинали Йылдырым атындағы Түрік университетінің саясаттану және мемлекеттік басқару кафедрасының профессоры Айнұр Ноғаева, Еуразиялық интеграция институтының ғылыми-теориялық талдау және әдіснамалық қамтамасыз ету департаментінің басшысы Арман Ешмұратов сөз сөйледі.