Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев халыққа Жол­дауын­­да Қазақстанда креативті индус­т­рия­ны жаңа деңгейге кө­теру керек­ті­гі жөнінде міндеттер қой­ды.
Креативті индустрияны қалай дамытамыз?
836
оқылды

Пре­зи­денттің бұл бағытқа маңыз беруі қа­зір креативті ин­дустрия эко­но­ми­каның құрамдас бөлігі ретінде қар­қын­ды дамуда, тіп­ті экономиканың өз­ге сала­ла­рын жетілуін ынталан­дыратын күш­ке ие.

Өздеріңіз білетіндей, 2021 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы «Халықаралық креа­тив­ті экономика және тұрақты даму жылы» деп жариялап, креативті адам­дар­дың шығармашылық жұмысын қол­­дауға мән берді. Ізінше біздің Үкі­мет Креативті ин­дустрияларды да­мы­­ту­дың 2021–2025 жыл­ға арналған тұ­жырымдамасын бекіт­ті. Яғни, саланы жетілдіруге басымдық бе­ріп, негізгі опе­раторы ретінде Ұлттық эко­номика ми­нистрлігін белгіледі. Алай­да әлемнің озық елдеріндегідей креативті биз­нес дамыту дей алмаймыз. 

Оған бірнеше себеп бар. Біріншіден, ел тұрғындары көз көріп жүрген бизнес түр­лерінен өзгесіне бет бұра бермейді. Мә­­селен, жұмыспен қамту орталық­та­ры­на ұсынылған бизнес-идеяларды қа­рай­тын болсақ, тігін тігу, торт пі­сіруден ас­пай­ды. Әрине, бұл бағытта жұ­мыс істеп, та­быс тапқанына қарсы емес­піз, қайта қуа­намыз. Бірақ екінің бі­рі айналысуға қол­жетімді болған­дық­тан, бәсеке жо­ғары, қажырлы еңбекті та­лап етеді. Сон­дықтан креативті ин­дуст­рияның мүм­кін­дік­терін халыққа жан-жақты түсіндіру жол­ға қойыл­ғаны дұрыс.

Екіншіден, креативті экономика са­­ла­сын жетілдірудің заңды тетігі әлі нақ­­ты­ланып, жүйеленген жоқ. Креа­тив­ті биз­несті мемлекеттік қаржылай қол­­дау, ин­вестиция салғандағы жеңіл­дік­терді қа­растырған дұрыс.

Үшіншіден, креативті экономикаға жа­татын бизнес түрлерін қайта қарап, ау­­қымын кеңейту керек. Мәселен, Таи­ланд­та креативті салаға ұлттық тағамдар мен медицинаны қосады. Бұл жағын да қайта қарастырған жөн.

Төртіншіден, Кореяда креативті кон­­тент агенттігі (KOCCA) саланың дамуына жауап­ты. Бұл ведомства ки­ноиндустрия са­ласынан бастап дыбыс жазу мен му­зыка өндеу, компьютер және виртуалды ойын түрлеріне дейін сүйе­мелдейді. Бү­гін­де Оңтүстік Кореяда креативті индус­т­рия же­текші сала са­налады. Осындай тәжіри­бе­ні ескеріп, біз­дің елде де арнайы агент­тік құру маңызды. Алматы қаласының Креа­тив­ті индустрия басқармасының тә­жі­рибесін зерделеп, өзге облыстарда да құру керек.

Бесіншіден, елде креативті ин­дуст­рия­­ны қолдау қорын ашу мүмкіндігін қа­­­­­растырылса, болмаса «Қазақстан хал­­қы­на» қоры арқылы қаржыландыру жа­­ғын қарастырған дұрыс деп санай­мыз.

Бүгінде креативті экономика өн­діріс­тік экономиканың ауқымындай табыс табу­ға мүмкіндік беруде. Озық ел­дердің эко­номикасындағы ЖІӨ 15 пайызына дейін креативті экономика са­ласынан ке­леді. АҚШ, Қытай, Жа­по­ния, Ұлыб­ри­­­тания, Германия, Оң­түстік Корея сын­ды елдер креативті экономика саласында көш­басшы ел­дерге айналу үшін стра­те­гия­лық бағ­дар­малар қабылдап, бұл ба­ғыт­та жүйелі жұ­мыстар атқаруда. Жапо­ния­да ең­бек­ке жарамды халықтың 12 пайы­зы жаңа бизнес-модель бағытында ең­бек етеді. Күншығыс елінің ірі-ірі мега­по­листері креативтілікті жан-жақты да­му­да. Енді шағын қалаларда бизнестің бұл түрін дамытуға мән беруде. Әлем бойын­ша креативті орталық ретінде Нью-Йорк қаласы бағаланады. Барсе­ло­на, Берлин, Лондон, Лос-Анжелес, Па­риж, Сан-Фран­циско, Сингапур, Сид­ней, Сеул, То­кио кіреді. Креативті орта­лық­тардың не­гізгі ерекшелігі – талант ие­лерін көп­теп тартып, саланың клас­тер­ленуіне мән береді. Демек шағын қалалар мен облыс орталықтары креативті ин­дуст­рияны дамыту үшін талант иелеріне жан-жақты жағдай қалыптастыруы ке­­рек. Онсыз креативті бизнес дамы­май­­ды. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ал­маты, Астана және Шымкент қала­сы­­нан бөлек, өзге облыс орталық­та­рын­да креа­тивті бизнестің дамуына мән беруді тап­сырды. Бұл тапсырманы орындау үшін креативті индустрияның кластер­ленуіне басымдық беру қажет. 

Креативті индустрия саласында ең та­бысты саналатын Голливудтың тәжі­ри­бе­сін алайық. Алпауыт кинокомпа­ния­мен бірге шағын-шағын студия­лар да­мып келеді. Мәселен, фильмге сцена­рий жазу және түсірім алаңын табу, әр­тістерді дайындау және таңдау, тү­сіру жә­не өңдеу, кинопракаттарды жар­н­а­ма­лау және сату кіреді.

Қысқасы, креативті экономиканы да­мытуда креативті тұлғаларға жағдай жа­сап, шығармашылығын қолдай бі­луі­­міз керек. Өңір әкімдері осындай қара­­пайым міндетті жақсы түсінеді деп ой­­лай­мыз.

Данабек ИСАБЕКОВ, 

Парламент Мәжілісінің депутаты,

«Amanat» партиясы 

фракциясының мүшесі