Танымал футболшы тағы бір жаңа рекорд орнатты.
Криштиану Роналду тағы бір жаңа рекорд орнатты
2,600
оқылды

Португалия және саудиялық «Аль-Наср» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду футболдан тағы бір әлемдік рекорд орнатты.

Халықаралық футбол тарихы және статистикасы федерациясының мәліметінше, Сауд Арабиясы чемпионатының 7-турында «Аль-Наср» «Аль-Ахли» клубын 4:3 есебімен жеңді.

Бұл Роналдудың жеңіліссіз өткізген 1001 матчы болды.

Осы уақытқа дейін өткізген ойындарының 777-сі жеңіс болса, 224-і тең ойын.

Криштиану «Аль-Наср» сапында 28 (барлығы 33), «Ювентуста» 114 (134), «Реалда» 386 (438), «Спортингте» 21 (31), Португалия құрамасында 158 (201) болғанда еш ұтылмаған. Ол барлығы 1183 ойын өткізген.