Қорытынды блок Астана уақыты бойынша 17:30-да басталады.
Азиада-2023: Қазақстан әйелдер құрамасы финалға өтті
1,743
оқылды

29 қыркүйекте Қытайда өтіп жатқан 2023 жылғы Азия ойындарының таңғы сессиясында жүзуден іріктеу кезеңі өтті. Aikyn.kz бұл туралы Olympic.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Біздің спортшылар мынадай нәтиже көрсетті:

Әйелдер арасындағы 4х100 аралас эстафетада Ксения Игнатова, Аделаида Пчелинцева, София Спдаренко және Диана Тасжанова 4:11,93 уақытпен мәре сызығын кесті. Команда Қазақстан бойынша рекорд орнатып, алтыншы нәтижемен финалға шықты;

София Сподаренко 50 метрлік баттерфляй әдісін 26,45 көрсеткішпен аяқтап, бесінші орыннан финалға өтті;

50 метрге брасс әдісімен жүзуде сегізінші нәтижемен Арсен Қожахметов 28.40 көрсеткішпен финалға өтті;

800 метрге еркін жүзуде Диана Тасжанова 8:48.46 нәтиже көрсетті.

Ал қорытынды блок Астана уақыты бойынша 17:30-да басталады.