28 қыркүйекте Нұрлан Әбдіровтың төрағалығымен ҚР ОСК жанындағы Сарапшылық кеңестің үшінші отырысы өтті, онда 2022 жылғы 20 қарашада өткен Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын және 2023 жылғы 19 наурызда өткен мерзімінен бұрын парламенттік сайлауды қадағалау жөніндегі ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссияларының қорытынды есептері талқыланды. Осы есептерді талқылау бойынша пікірталас үзіліссіз бес сағатқа созылды.
Отырысқа қатысу үшін оның басшысы Фолкер Фробарт бастаған Астана қаласындағы ЕҚЫҰ кеңсесінің өкілдері, ҚР Парламентінің депутаттары, Бас прокуратураның, әділет, мәдениет және ақпарат министрліктерінің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері шақырылды.
Сарапшылық кеңестің құрамына конституциялық және басқа да құқық салаларының белгілі ғалымдары, әлеуметтану, саясаттану сарапшылары және сайлау саласының практиктары кіреді. Кеңес сарапшылық қоғамдастықты сайлау заңнамасын жетілдіру, құқық қолдану практикасын талдау және сайлау жүйесін одан әрі дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеуге тарту мақсатында құрылды.
ОСК Төрағасы Нұрлан Әбдіров өзінің кіріспе сөзінде ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссияларының ұсынымдары мүдделі мемлекеттік органдармен мұқият зерделеніп, талқыланатынын және дәстүр бойынша Сарапшылық кеңестің талқылауына шығарылғанын, онда жекелеген ұсынымдардың анық полемикалық сипатқа ие екендігін ескере отырып, әртүрлі пікірлер айтылатынын атап өтті.
Нұрлан Әбдіров екі есепте 18 басым ұсыныс бар екенін, олардың кейбіреулері қайталанатынын айтты. Осыған байланысты отырысқа қатысушылардың ыңғайлылығы үшін оларды 11 тармаққа біріктіру туралы шешім қабылданды.
Ол сайлау процесіне қатысушыларды сайлауды ұйымдастыруға, ақпараттық қамтуға және электоралды оқытуға, сондай-ақ сайлау органдарының мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі күш-жігеріне қатысты Миссияның оң бағаларын келтіріп, Миссия өкілдеріне оң пікірлері үшін алғыс білдірді.
Сондай-ақ, Нұрлан Әбдіров жалпы Миссияның алдыңғы ұсынымдарын іске асыру бойынша жұмыс жалғасып жатқанын, оның бір бөлігі ҚР жаңартылған заңнамасында ескерілгенін атап өтті.
Мәселен, 2022 жылы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен және жалпыхалықтық референдум барысында қолдау тапқан конституциялық реформа аясында ҚР Парламенті Мәжілісіндегі Қазақстан халқы Ассамблеясының квотасы жойылды. Енді Парламенттің төменгі палатасының барлық депутаттары тікелей дауыс беру арқылы сайланады.
Ұлттық байқау институтын кәсібилендіру мақсатында сайлауды байқауды жүзеге асыратын қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу заң жүзінде бекітілген.
2021 жылғы ҚР-дағы парламенттік сайлауды байқау жөніндегі ДИАҚБ Миссиясының донорлардың шамадан тыс ықпалына жол бермеу мақсатында сайлау қорларына жеке қайырымдылықтар үшін шектеулер белгілеу қажеттілігі туралы ұсынымы сайлау қорларына ерікті қайырымдылықтардың шекті мөлшері туралы сайлау заңнамасына түзетумен іске асырылды.
Сондай - ақ, саяси партиялардың Парламент Мәжілісіне өту шегі 7-ден 5% - ға дейін төмендетілді және қолдаушылардан қажетті қолдар санын 4 есеге - 20 мыңнан 5 мыңға дейін қысқарту жолымен саяси партияларды тіркеу үшін тосқауылды төмендету туралы норма енгізілді. Бұл саяси партияларды құру процедурасын едәуір жеңілдетті және саяси бәсекелестікті дамыту мүмкіндіктерін кеңейтті.
Сарапшылық кеңестің талқылауына шығарылған 11 басым ұсыныстың ішінен бірқатары мүдделі сауатты пікірталас тудырды. Атап айтқанда, отырысқа қатысушылар бәсекелестік саяси ортаның жоқтығы туралы тезиспен келіспеді. Осы мәселе бойынша М. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ профессоры, заң ғылымдарының докторы Индира Әубәкірова жүргізілген конституциялық реформа демократиялық өзгерістерді, жалпы Парламент Мәжілісінің рөлін күшейткенін атап өтті. Қазақстанда жүзеге асырылған аралас сайлау жүйесіне көшу плюрализмді қолдауға бағытталған.
Заң ғылымдарының докторы, профессор Марат Қоғамов, заң ғылымдарының докторы, профессор Исидор Борчашвили, заң ғылымдарының докторы, Заң ғылымдары академиясының академигі Ермек Әбдрасулов, заң ғылымдарының докторы, профессор Эдуард Мұхамеджанов және ҚР ОСК жанындағы Сарапшылық кеңестің басқа да мүшелері жекелеген ұсынымдар бойынша нақты ұстанымдармен сөз сөйледі. Егжей-тегжейлі түсініктемелер мен ескертулерді мемлекеттік органдардың өкілдері айтты.
Отырысты қорытындылай келе, Нұрлан Әбдіров жүргізіліп жатқан саяси реформа процесі ұзақ мерзімді болатынын және тұтастай сайлау жүйесін жаңғыртуға әсер ететінін атап өтті. Бұған пилоттық режимде өтетін аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің алдағы тікелей сайлауы, шығып қалғандардың орнына мәслихат депутаттарын сайлау, сондай-ақ 2021 жылғы 25 шілдеден бастап жалғасып жатқан ауыл әкімдерінің сайлауы дәлел болып табылады.
Нұрлан Әбдіров атап өткендей, бір жағынан біз қазіргі заманғы үрдістерді елемеуіміз керек, екінші жағынан, еліміз үшін маңызды мәселелер барлық мән-жайларды - құқықтық ұстанымдарды да, тарихи және саяси шындықты да ескере отырып шешілуі тиіс.
Отырысқа қатысушыларға алғыс білдіре отырып, ол бүгінгі отырыс Қазақстанның сайлау жүйесін одан әрі жетілдіруге ықпал ететініне сенім білдірді.