Еркін күрестен тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан әлеуметтік желілерде кеңінен тараған бозкілемді сүртіп жүрген сәтіне қатысты AIQYN YouTube арнасына берген сұхбатында айтты.
«2019 жылы Астанада әлем чемпионаты болған. Мен ол кезде Қажымұқан атындағы спорт мектебінде 10-сыныпта оқимын. Сол кезде ерікті ретінде біз балуандардың киімін тасып жүретінбіз. 65 келі салмақта қазақстандық Дәулет Ниязбеков пен ресейлік Гаджимурад Рашидов екеуі арасында ақтық белдесу болып жатты. Сол кезде досымның орнына бозкілемді сүртуге шықтым. Ұялып тез сүрттім де, қашып кеттім», – дейді Ризабек Айтмұхан.
Аңсарыңыз ақиқат, шарқ ұрып іздегеніңіз шындық болса, AIQYN YouTube арнасынан табасыз.
AIQYN – өткір сауалдарға нақты жауап, салмақты сараптамаға толы. «Біз алып-қашпа әңгімеге ілеспейміз! Бағытымыз – бірлік, құбыламыз – шындық. Себебі, бүгінгі буын бізге Тәуелсіз ел – аманат, бабадан қалған жер – аманат. Аманатты абыройлы арқалау жолында туған жерге табан, туған елге иық тірейміз» деген ұстаныммен жұмысын бастады. YouTube арнаның жүргізушісі – журналист Қайнар Жұмағожа.
Айта кетейік, AIQYN YouTube арнасының алғашқы қонағы, тәуелсіздік жылдарындағы еркін күрестен тұңғыш әлем чемпионы атанған жас балуан Ризабек Айтмұхан.
Араға 120 жыл салып Қажымұқан бабамыздың ерлігін қайталаған батырмен эксклюзив сұхбатты төмендегі СІЛТЕМЕ арқылы көре аласыз.