Соңғы кезде көлікті Армения, Грузия, Дубайдан тасымал­дай­тын делдалдар әлеуметтік желі­лерде қызметін жарнамалап әлек. Неге десеңіз, ішкі нарық­тағы сұраныстың көптігі сон­ша­лық, 10-20 жыл пайдала­ныл­ған көліктер де жылдам «ие­сін» та­­уып кетіп жатады.
Көңілді аулап, көлігі қаулап...
1,241
оқылды

Өндіріс өзі­­­­міз­­­­де де болғанымен, отан­дық өнер­­­­­­­­кәсіп мемлекеттің қыр­уар қолдауына қарамастан, ішкі на­­­­рық­­­­­тың өзін толық қамти алма­­­­ды. Тіпті, Үкімет қаржы бөл­гені­мен, автосалондар жеңіл­­­­­­детіл­­ген несиемен сатуға көлік таппай қиналғанын көрдік. Аза­­­­матта­­­­рымыз айлап кезекте тұр­ды. Қа­­зір қытай автокөліктері қаптады деп қынжыламыз. Де­­генмен қа­­­­­зақстандықтар на­­­­­рық­­­та қан­­­­­­­­­дай да бір ассорти­­­­­мент­тің пайда бол­­­­­­­­­ғанына қуа­­­­нуда. Ал гео­саяси ах­­уал­­­дың әсе­­­­­рінен бос қалған ре­сей­­­­­­­­лік зауыттар нарық­қа бе­йім­­­­­­деліп, қытайлық көлік­терді құ­­­­­­растыруға көшті. Қа­­зақ­­­­­­стан­ның ке­лесі қадамы қандай болмақ?

2033 жылға қарай Қазақстанда он жылдан асқан машиналардың үлесі – 80%, 20 жылдан асқан маши­на­­­лардың үлесі 56%-ды құрайды. Ал 3 жылдан ас­пайтын жаңа көліктердің үлесі не­бәрі – 8,2 пайыз. Jusan Analytics сарап­шыларының зерттеуінде соңғы 20 жыл­­­да елдегі автокөліктер са­­ны үш есе өс­­­­­­­­кені айтылған. Мыса­лы, 2003 жылғы 1,14 миллионнан 2023 жылғы 1 қаңтар­дағы жағдай бо­йынша 3,9 миллионға дейін жет­кен. Рекордты көрсеткіш 2014 жыл­дың ортасында 4 млн данадан ас­там болып тіркеліпті. Бұл рубль дол­­­лар мен теңгеге қатысты әлсіреген тұс­пен сәйкес келеді.

2010 жылға дейін Қазақстанда жыл сайын 2-3 мыңға жуық автомо­­биль өн­дірілді. Мұның өзі жалпы кө­лемнің 10 пайызына жетпейтін көр­сеткіш бол­­­ды. Одан кейінгі ке­­зеңде нарық негі­­­зінен импорт есебі­нен то­­­­лық­­­тырылған. Әсіресе, 2006 және 2007 жыл­­­дары Гер­­­мания мен Жапониядан келген пайда­ланылған көліктер 400 мыңға төмен­­деді.

Арзан көлік тапшылығының алғышарты

2008 жылы елге оң рульді ав­то­­­мо­­биль­дерді әкелуге тыйым са­лын­ған­­­дықтан, импорт екі есеге тө­мен­деді. 2010 жылы Қазақстан Ке­ден одағына кіргеннен бастап «ес­кі» көліктерге са­­­лынатын кеден­­дік баж айтарлықтай өсіп, он жылдан аса пайдаланылған ав­­­­токөлік им­порты тиімсіз бола түсті.

Сарапшылар 2014-2015 жылдар­дағы жағдайды ерекше атап өтеді. Бұл кезде рубльдің теңгеге әлсіреуіне бай­­­ланысты Ресейден салысты­р­малы түр­­­де төмен бағамен екі есе көп­­­теген жаңа және пайдаланылған машина әкелінді.

2016 жылы алғашқы тіркеу және кәдеге жарату үшін төлем енгізіл­­­ген­нен кейін Қазақстанға үш жастан асқан машиналарды әкелу өте қым­батқа түс­­ті. Осыдан бастап Қазақ­станның авто­­мо­­­биль нарығы негізі­нен отандық өн­ді­­­ріс немесе жаңа автомобильдер им­­­пор­ты есебінен толтырыла бастады. Сонымен қатар елде сапалы және ар­­­зан автокө­­­ліктердің тапшылығы пайда болды.

Қайталама нарықта «кеденсіз» көлік көп

Ұлттық статистика бюросының мә­­­ліметтерінше, 2006-2007 жылдары шетел­­­ден әкелінген көліктің орташа бағасы от 3-5,5 мың АҚШ долларына дейін өзгерген. 2008-2015 жылдары автомобильдер 15-20 мың АҚШ дол­­­ларына дейін қымбаттады. Осы ара­­­­лықта тіркелген машиналар саны да екі есеге жуық қысқарғанын кө­ре­­міз, яғни он жыл ішінде импорт­­тық көліктер 400 мыңнан 150-200 мыңға төмендеді.

Сарапшылардың айтуынша, қа­зақ­стандық автокөлік нарығы 2010 жыл­ға дейін негізінен «ескі» ма­­­­­­ши­­налардан құ­ралған. Дегенмен табиғи ескіруіне байланысты есеп­тен шығарылған кө­­ліктерге қарамас­­тан, жыл сайын тірке­­­летін автомо­­­­бильдер саны азайды. 

Қайталама нарықта сату және са­­­тып алу бойынша келісімшарт­­тардың 60%-ы он жылдан астам уақыт пайда­­­ланылған автомобильдер болған. Са­­­туға қойылатын барлық автомо­­­­бильдің шамамен 20%-ы немесе 500 мыңға жуығы кеденсіз, яғни басқа елдерде, не­­гізінен ЕАЭО-та тіркелген. Қазақ­­­стан­­ның қайта­­­лама нарығында кеден­­­сіз қолда­­­ныс­та болған Toyota және Lada маркалы автокөлігі көп.

Сарапшылардың болжамына сәйкес, 2033 жылға қарай 10 жылдан асқан кө­ліктер саны 9 пайызға ар­тып, 80% болса, 20 жылдан асқан көліктер 6 пайызға артып, 56%-ға дейін жетуі мүмкін. The Jusan Analytics болжамына сәйкес он жыл­дан кейін нарықтың жарты­­сынан көбін (54%) «ескі» ша­­ғын класты ма­ши­налар құраса, төрттен үш бөлігі (78%) «ес­кі» орта класты көліктерден құралады. Ал қол­­­даныста 20 жылдан асқан крос­­­соверлердің үлесі 24%, жол талға­­­майтын көліктердің үлесі 54% болмақ.

Отандық нарықта топ жарғандар

Қазақстандық автобизнес қа­уым­­­дас­тығының мәліметтері бо­­­­­йын­­­­­­­ша, 2023 жылдың маусым айын­­­да жаңа ав­­­то­мобильдер сатылымы 15 мыңнан ас­­­­­ты. Қазақстандық ав­то­көлік дилерлік орталықтары ар­қылы 15 892 жеңіл авто­көлік пен жеңіл коммерциялық тех­­­­­никаны, сон­дай-ақ 943 жүк көлігі мен авто­­­бусы сатылған. Бұл 2022 жыл­­­ғы мау­­­сыммен салыстырғанда 41,2 па­йыз­­­­ға көп. Жыл басынан бері барлығы 83 235 жаңа көлік сатылды, бұл көр­­сет­­­кіш өткен жылдың осы кезеңімен са­лыс­­­­тырғанда 60,2 пайызға артық.

Нарықтың барлық дерлік қа­­­ты­­су­шысы алғашқы жартыжылдықты сәтті аяқтап, сатылым бойынша оң сальдо көр­сеткен. Осылайша, 2013-2014 жыл­­­дар­­­­дағы жаңа көліктерді сатудың ре­­корд­­тық көрсеткіштеріне жақындады. Қауымдастықтың бол­­­жамы бойынша биыл барлық типтегі көлік құралдары­­­нан кемінде 150 мың бірлігі сатылады.

2023 жылдың маусым айында са­тылым бойынша топ жарған: Hyundai 4229 автокөлік (+67,2%), Chevrolet ти­­ражы 4 042 бірлік (-1,5%), Kia – 2 502 автокөлік (+90,1%). Сонымен қа­тар осы жылдың алғашқы алты айын­­­­­да еліміздегі са­­­­ты­­­лымы бойын­­­ша ТОП-10 қатарына бірден 4 қы­­­­тайлық автокөлік маркалары енген. Олар: Chery, Jac, Changan, Haval. Chery ди­­лерлері 890 көлік сатты (+185,3%). Маусымның ең көп са­тылатын бес брен­­дін Jac - 808 бірлік (+164,1%) жабады. 

Сарапшылардың айтуынша, Ресей­­­­дегі Volkswagen, Lada, Reno маркалы көліктерді шығаратын зауыт­тар жұмы­­­­сын тоқтатқанын Қытайдың көлік зауыт­­­­тары барынша ұтымды пайда­­­­ланып отыр. Өйткені олар тапшылық туындаған көлік нарығына өз өнімдерін жеткізіп, ішкі нарықта сұранысы әл­­­­сіреген «ескі» модельдегі қозғалт­қыш­­­­пен жұмыс істейтін көліктерін шетелдік нарыққа өткізуде. 

Маусым айындағы ең танымал мо­­­дель­­­­дер рейтингінде нарыққа жаңа­­дан ұсынылған Chevrolet Onix бірден 1 396 бір­лігі сатылып, екінші орынға шық­­­­ты. Алғашқы орында әлі де Chevrolet Cobalt (1 947 бірлік), үшінші орын­да Hyundai Tucson (1 263 бірлік).

2023 жылдың бірінші жарты­жыл­­­дығында ТОП-10 бастайтын Chevrolet, Hyundai, үшінші по­зи­цияда Kia, Chery, бесінші орында Toyota. Haval маркасы алтыншы орынға көшті, Сhangan же­­­тінші орында. Әрі қарай қытайлық Jac пен Exeed маркасы орналасса, ондықты Lexus көліктері жабады. 

Ал ең танымал ТОП-3 модель: Chev­rolet Cobalt, Hyundai Tucson және Kia Sportage. Әрі қарай тізім бойынша: Chevrolet Nexia (3 697 бірлік), Hyundai Elantra (3 547 бірлік), Hyundai Santa Fe (3 262 бірлік), Hyundai Sonata (2 784 бір­­лік), Chery Tiggo 7 Pro (2 173 бір­­­­­­­лік), Hyundai Bayon (2 137 бір­­лік) және Kia Sorento (2 034 бірлік).

Сонымен қатар қытайлық бренд­тер­дің нарықтағы салмағы айтар­­­лық­тай өсуде: биылғы жылдың ма­­мыр айын­­да олардың үлесі барлық сатылған жаңа автомобильдердің 19,5 пайызына жетті. Осылайша, қазақстандық нарықта 4-ші, 5-ші және 6-шы орын­дард­ы қытайлық Chery, Haval және Chan­gan иеленді, ағымдағы жылдың мамыр айының қорытындысы бойын­­ша сату көлемі 665, 626 және 517 авто­­­мо­­­­­биль, 8-ші және 10-шы орындар-Exeed (379 авто)және Geely (258 ав­­­­томобиль).

Қазақстанның автонарығын тал­дау және мониторинг орта­­­­лы­­­ғы­­­ның бас директоры Артур Мис­­­карянның пікі­­рінше, қытайлық ком­­­­­паниялар Қазақ­станда сатылымды арттыруды жалғас­тырады. Сонымен қатар, Қа­­­зақстанда төменгі емес, орташа баға сегментіндегі автомобильдер саты­­латынын атап өтті: олар еуропалық және жапондық өн­дірушілердің шы­­ғарылған модельдерін алмас­­­ты­рады. Біздің нарықта арзан «қы­тай­­­лық кө­­­ліктер» жоқ. Ішкі на­ры­ғында кей­­­бір жергілікті өнді­руші­лер көп жағ­­­дайда арзан әрі шағын жиын­­тық­­­тағы электрлі көліктер мо­дель­­­­дерін ұсынады. ҚХР мұндай техни­каға тұ­­­­тынушылық сұранысты ынта­­­лан­­ды­­­рып келді. Сарапшылардың ай­­­­­туынша, әдетте мұндай модельдері тұ­­­­тыну­шылық қасиеттер жиынты­­­­ғына, техни­­­­­­калық сипаттамаларына, сондай-ақ қауіп­сіздік талаптарына байланысты Қытайдан тыс нарық­­­­тарда сертифи­­кат­талмайды. 

Қытайда көлік көп, «кеме» жоқ

Аспан асты елінің көліктері елі­міз­де ғана емес, әлемдік нарықта да айтар­лықтай сұранысқа ие бола бас­­таған. Moody's агенттігінің мәлімет­тері бойын­­­­­ша, Қытай автокөлікте­­­рінің жыл­­дық экспорты 2021 жылы Оңтүстік Кореяны, 2022 жылы Гер­ма­­­нияны, ал биыл Жапонияны ба­сып озбақ.

Financial Times басылымы бұл бет­бұрыс еуропалық, америкалық, жапон мен оңтүстіккореялық ком­па­­­ниялар­дың үстемдігінің аяқтал­­­ғанын білдіреді десе, The New York Times Қытайдың авто­­көлік экспор­­тын шектеп отырған та­сымал кеме­­лерінің жеткіліксіздігі деп жазады. Ха­­­лықаралық сарапшы­­­­лардың пікі­­рінше, елдің автомобиль өнеркәсі­­біндегі терең құрылымдық проб­­ле­малар оның жаһандық нарықта үс­тем­­­дік етуіне алғышарт болып отыр.

Қытай зауыттарындағы өндіріс пен жергілікті сұраныс арасындағы сәйкес­сіздік ішінара қате болжам­­­ның нәти­жесі дейді мамандар. Се­­­­бебі нарықта ішкі жану қозғалт­­­­­қыш­­­тары бар авто­­мобильдер сұра­­­­­­­нысы күрт төмендеп, ал электро­­мобиль­­дерге деген қызы­­ғу­шылық керісінше арта түскен. Деген­­мен барған сайын урбаниза­ция­­лана түскен ондағы қа­ла халқы бірлес­­­кен жо­­­лау­шылық се­рвистерді құп кө­­­ріп, электр көлік­­­теріне де сұраныс бә­­­­­­сең­­­­­­­­деген. 

Қытайдағы Chrysler-дің бұрынғы басшысы Билл Руссо осы құбы­­­лыс­­тың салдарынан елде автоөнер­кә­­­сіптің қуаттылығы жоғары зауытта­ры қажет­­­сіз қалу қаупіне ұшы­­­­­­­­­­­­раға­­­­нын ай­­­тады. Елдегі жеке секторды қолдаушы өнер­­кә­­­сіптік саясат пен инвестициялар Қы­­­тайдың осы са­­ладағы бәсекеге қа­­­­­білет­­­­­­­тілігін арт­­­тырғаны сөзсіз. Отан­­­­­дық өнді­­рушілер, соның ішінде электр кө­­­ліктер бойынша чемпион сана­­латын BYD қазір шетелдік авто­­­мобиль өн­­дірушілерден асып түсіп, тіпті сырт­­қы нарықтарға назар аудара бастаған.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, жи­­һаздан бастап тұрмыстық электро­­­никаға дейінгі қытайлық тауарлар­­­дың жалпы экспорты 2023 жылдың ал­­ғашқы сегіз айында 5,5 пайызға төмен­­­деді. Бірақ Қытайдың авто­­­мобиль өнеркәсібі үш жылдың ішін­де экспорт­­ты төрт есеге арттырған. Биыл шілде айында Қытайдағы автомобиль экс­пор­­ты 86 пайызға өсті.

Қытайдың көптеген тауарының экспорты құлдыраса да, шетелге тасы­­­­малданатын автокөліктер саны азай­­май тұр. Керісінше, өз халқы бас тар­­тып жатқан бензинмен жұмыс істейтін автомодельдердің шетелдік сатылымы айтарлықтай өскенін атап өту қажет.

Жақында The New York Times Қытай автокөліктері экспортының одан әрі артуына тасымалдаушы ке­мелердің болмауы ғана тосқауыл болып тұрғанын жазды. Басылым­­­ның Қы­­тайдағы репортеры Кейт Брадшер соң­ғы кезде жергілікті ха­­лық арасында электрлі көліктерге деген сұраныс арт­қа­нын айтады. Қазір Джинлинг кеме жасау зауыты тәулік бойы жұмыс істеу­де. Ал Янцзы өзенінің бойында орна­лас­қан верфте 5000 немесе одан да көп кө­­­­лікті бір уақытта тасымалдауға мүм­­кіндік беретін автомобиль кемеле­­­рінің флоты салынбақ.

Қытайлық автоөндірушілер Ук­­раи­­нада соғыс басталғаннан бері авто­мо­­­­бильдерді пойыздармен та­сы­­мал­дап-ақ Ресей нарығында үс­­­темдік ете бас­­­­тады. Сонымен қатар Азия, Аустра­лия, Оңтүстік Америка және Мексика нарық­тарында ау­­­­қым­­ды үлеске ие бол­ды. Сарап­шы­­лар «Трамп дәуірінен қалған тариф­тер АҚШ-тағы сатылы­м­дарды те­же­­­се, керісінше, тасымал­дай­­­­тын кемелер жеткілікті болған­­­дық­тан, Еуропаға үлкен серпіліс жа­­сайды» де­­ген пікірде. 

Аспан асты елі өз нарығындағы ке­леңсіздікті өзге тұсынан тиімді пай­далана алған. Себебі ондағы қуат­ты­­­­лығы жылына шамамен 15 мил­лион ішкі жану қозғалтқышы бар автомо­­­­­­­бильдер шығаруға мүм­кіндік беретін зауыттар, бүгінде шетелдерге 4 мил­­лион­­­­­­нан астам көлік экспорттап отыр. Қытайда автобөлшектерге қажетті бо­лат пен электроника арзан, бұл өнді­­руші­­­­­лерге айтарлықтай жеңілдік бере­­ді. Сонымен қатар жылдар бойы жергі­лікті өзін-өзі басқару органда­­­­ры ком­­­­­па­­нияларға тегін жер учаске­­лері мен нөл пайызға тең пайыздық несие­лер және басқа да субсидиялар беріп келген. Нәтижесінде, қозғалт­­­қыштары «ескі» модельмен жасалса да, сапасын жақсартып, техноло­­гиясын жетілдірген қытайлық авто­кө­­­­ліктер халықаралық шараларда әлем назарын өзіне ау­дартты.

Лондондағы VesselsValue кеме қа­тынасы туралы мәліметтер компа­­­­ния­сы қазір BYD және Chery сияқты қытайлық бренд көліктерінің бар­­лық тапсырысын 170 автокөлік та­сымал­дайтын кемеге орналас­­­­тыр­ғанын жа­рия­лады. Бұған дейін еуропалық және сингапурлық жүк та­сы­малдау же­лілері Қытайда авто­­­­мобиль экспорты өркен­­­дегенге дейін жылына төрт кеме­ге ғана тап­сырыс берілген екен.

Камила ЕРКІН