Ұлан-байтақ жеріміз ежел­ден Еуропа мен Азияны жалғап жатқан көпір іспетті, түрлі мә­­де­­­­­ниет тоғысында орналас­қан­дықтан, еліміздің әр өңі­рінде құнды жәдігерлер мен кө­не ескерткіштерді кездес­тіру қиын емес.
«Қара археологтарды» қалай жүгендейміз?
1,439
оқылды

Олардың әр­қайсысы тарих үшін аса маңыз­­­­­­ды. Дегенмен осы тари­хи құнды мұраларамызды қан­шалықты сақтап, қорғай алып жүрміз? Мамандар соң­ғы уа­қыттары құнды жәдігер­­­­ле­рі­міз­­­­ді тонайтын «қара архео­логтардың» көбейгенін жиі ай­­­­­­тып келеді. Біз де осы мәсе­леге назар аударып көр­дік. 

Тарихқа көз жүгіртсек, еліміздегі ар­­хео­­­­­­­логиялық ескерткіштер адамның кесірінен жаппай бұзылудың мынадай бірнеше ірі сатысын бастан өткерген: Бірінші – пат­шалық Ресейдің қазақ даласын отар­лау­­дағы басты құралы – казак отрядтары мен жаппай қоныстанған келімсектердің қа­зақ даласында алтын іздеп, арнайы түрде обаларды шахталық әдіспен жаппай то­­­науы. Кейбір казак жасақтарының құра­мында мыңға дейін адам болған делінген дерек бар. Осы XVIII ғасырдың ортасы мен XIX ғасырдың аяғында казак жасақта­­рынан тыс қазақ жеріне әртүрлі мақсатпен келген экспедициялар, саяхатшылар ел мұрасын сұраусыз әкетіп отыр­­ған.

Екінші – кеңестік кезеңдегі тың игеру уақыты. Жоспарды асыра орындау үшін қажетті, қажетсіз мақсатта жерлер жырты­лып, бар-жоғы үш жылда елімізде мыңда­ған ескерткіш мәдени ландшафтысымен бірге бұзылды. Бірақ бұл кезеңде Қазақ­стан бойынша археологиялық барлау жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 1960 жы­лы алғаш рет Қазақстанның архео­­­логиялық картасы жасалған еді.

Егемендік алып, етек-жеңімізді жия бас­­таған жылдарда археологиялық ескерт­кіштер жаппай бұзылу мен тоналудың үшінші ірі сатысынан өтуде. Бұл кері про­цесті дер кезінде тоқтатпасақ, келер ұрпақ ал­дында кешірілмес күнәға батарымыз айдай анық.

Жыл басында Парламент Мәжілісінің VII шақырылымының сол кездегі депу­­таты Мақпал Тәжмағамбетова палата­ның соңғы отырыстарының бірінде осы мәсе­лені көтерген болатын. Онда ол өз кезегін­де заңсыз археологиялық қазба жұмыс­тары­ның көбейгенін айтып, дабыл қаққан еді. 

«Бүгінде ежелгі қорымдарға төніп тұр­ған қауіп өте көп. Бүкіл Қазақстан бойын­ша заңсыз археологиялық қазба жұмыс­­тарының саны көбеюде. Оның ішінде «қара археологтардан» келетін залал же­тер­лік. Мысалы, Жетісу облысындағы Қа­­­пал қорығын, Маңғыстау облысындағы ескі қорымдарды қазып, барлық құнды бұйымын алған соң оларды ашық-шашық тастап кетіп жүр. Мамандардың айтуын­ша, мұндай заңсыз әрекеттермен археоло­гиялық зерттеу жүргізуге лицензиясы бар кейбір ұйымдардың өздері де айналысатын көрінеді. Ал еліміздің кәсіпкерлері Арқа­рлыдағы петроглиф таңбалары бар ежелгі тастарды үгітіп, құрылыс материалы ре­­­тін­де пайдаланып жүр. Кейбір өңірлерде диқандар мен малшылар қорымның үс­тіне мал жайып, жер жыртып тастаған оқиғалар да жиі кездеседі. Тағы бір мәселе еліміздегі кейбір тарихи-мәдени нысан мемлекет тізіміне енбеген. Осылардың нәтижесінде археологиялық жәдігерлер еркін сауда айналымында жүр. Табылған ежелгі бұйымдарды кім көрінген емін-еркін шетелдерге әкетуде. Мұны бақылап жатқан ешкім жоқ», – деген еді. Сондай-ақ Мақпал Мазаққызы өз сөзінде өңірлер­­дегі тарихи мұраларды қорғау инспек­­­циялары қауқарсыз болып отырғанын, өйткені тарихи-мәдени мұра объектіле­­­рінің жай-күйін қадағалауға қараушылар бекітілгенін айтып өтті. Алайда қарау­шы­­лардың жұмысы, штаттық саны, төлем­ақысы, көлігі және жанармайы заңды түрде бекітілмеген екен.

«Мәдениет және спорт министрлігінде археологиялық зерттеумен айналысуға лицензиясы бар 176 серіктестік тіркелген. Археологиялық жұмыстарға арнайы ма­­ман­­дан­­дырылмаған мекемелерге ли­­цен­­зиялардың жаппай берілуі салдарынан қаншама жауапсыздық болып отыр. Осын­дай жағдай тарихи және мәдени ескерткіш­­­терді реставрация жасау кезінде де болып отыр. Мінеки, архелогия мен геральдика саласындағы атқарылар ке­шенді әрі жүйелі шаруаларды Үкіметтен күтіп жүргенімізде бар құндылығымыздан айырылып қалар жағдайға жеттік», – деген еді ол. 

 

«Ғылымда «ақ», «қара» деген түсінік болмайды»

Осы ретте біз осы мәселені жиі көтеріп жүр­­­ген, археолог Айбар Қасенәлінің пі­кірін сұрадық. 

«Ең алдымен «қара археология» деген сөз­ді біз қолданбауымыз керек. Себебі археология – бұл ғылым саласы. Ал ғы­­­лымда я «ақ», я «қара» деген түсінік бол­­майды. Мысалы, қара физика немесе қара филология деп айтпаймыз. Сондық­тан «қара археология» деген ұғым пайда­лануға келмейді. Әрине, бұл сөз тіркесі көне жәдігерлерді сату, иемдену т.с.с. әре­кеттермен байланысты болған­­дықтан айтылып жүр. Оның өзінде ол ұғым «чер­ные археологи» дегеннен тікелей аударыл­ған. Ал іс жүзінде мұндай әрекеттерге заң аясында белгіленген ұғым бар. Ол – заң­сыз археологиялық жұмыстар. Қазақ­стан­ның бір өлкесінде заңсыз қазба жұмыстары кең жайылған, ал басқа бір өлкесінде жоқ деп айтуға келмейді. Өйткені біздің қолы­мызда ресми статистика жоқ. Ресми ста­тис­тика болған күннің өзінде ол жердегі сандар шындыққа қаншалық саяды – оны білу өте қиын. Шын мәнінде, бұл үлкен мәселе. Біз күні бүгінге дейін Қазақстанда неше тарихи-мәдени мұра бар екенін нақ­ты айта алмаймыз. Неге? Өйткені оның күні бүгінге дейін ортақ ақпараттық база­­сы жасақталмаған. Әрине, Қазақстан ар­хео­­­логтары тарапынан бірлі-жарым тал­­пыныс болған. Оның өзі аяқсыз қалып отыр. 

Ендігі бір мәселе, ол археологиялық қазба жұмыстарына берілетін рұқсат. Жал­­пы, археологтардың арасында лицен­зия беру қағидаларын қатаңдату керек деген ұсыныстар жиі айтылады. Бірақ ол заңсыз қазба жұмыстарының мәселесін шешіп бере алмайды. Лицензиялаудың ең әлсіз тұсы – заңды тұлғаға берілетінінде. Яғни, заңды тұлға белгілі бір археологтың атынан лицензия алуға өтініш білдіреді. Алайда ол археолог кейін ол мекемеден жұмыстан шығып кеткен күннің өзінде лицензия мекемеде қала береді.

Заңсыз археологиялық жұмыстарды айт­пағанда біз 1 жылда елімізде неше ескерткіш зерттеліп жатқанын да айта алмайтын қауқардамыз. Ондай статистика тек 2021 жылға жүргізілген», – дейді ол.

 

Турист болып келіп тарихымызды тонап жүр

 Ақпарат және мәдениет министрлігіне қарасты Мәдениет комитетінің Тарихи-мәдени мұра басқармасына археологиялық зерттеумен айналысуға лицензияны қан­­дай тұлғаларға берілетінін сұрағанымызда «қолданыстағы заңнамаға сәйкес архео­логиялық жұмыстарға лицензияны мем­ле­кеттік ұйымдармен қатар белгілі бір та­лаптарға сай келетін жеке ұйымдар да ала алады», – деген жауап алдық. 

«Бұл ретте лицензияға үміткер ұйым­ның ғылыми дәрежеге ие, сонымен қатар салада тәжірибесі құжаттармен расталған, салалық еңбек тәжірибесі бес жылдан кем емес ғылыми жетекшісі болуы талап еті­леді. Елімізде лицензиясы бар жеке және мемлекеттік ұйымдар жүргізетін археоло­гиялық жұмыстар Мәдениет және спорт министрлігі жыл сайын қалыптастыратын жоспар негізінде жүзеге асырылады. Бұл – тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті ор­ганға республика аумағында жүргізіліп отыр­ған қазба жұмыстарын қадағалауға ықпал ету мақсатында енгізілген шара. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жоспарға енбеген қазба жұмыстарын жүргізуге жол берілмейді», – делінген жауапта.

Ал Әлкей Марғұлан атындағы Архео­­­логия институтының бас директоры Ақан Оңғарұлы мұндай заңсыз қазбалардың жаппай етек алуына ескерткіштерді қор­ғау­­­дың мемлекеттік жүйесінің әлсіздігі себеп дейді.

«Бүгінде археологиялық мұралардың жойылуының қауіпті жаңа факторы пайда болды. Ол – еш рұқсатсыз жүргізілетін то­наушылық қазбалар. Бұл қазбалардың жаппай етек алуына ескерткіштерді қор­ғау­дың мемлекеттік жүйесінің әлсіздігі ықпал етуде. Жекелеген адамдардың (кө­бі­не ауқатты) сату үшін ежелгі бұйымдарды табу мақсатындағы тонаушылық қазбалар жасауы соңғы жылдары өте жиіледі. Заң­сыз жолмен тапқан, негізі мемлекеттің мен­шігі болып саналатын жәдігерлерді интернет сайттар арқылы жекелей сату қалыпты үрдіске айналып отыр. Қазақстан бойынша осылай сауда жасайтын көмбе іздеушілердің интернет сайттары, жеке парақшалары, форумдары, бейнетүсі­рілімдері бар. Археологиялық жәдігерлер­дің еркін сауда айналымында жүруіне шектеу қоятын кез келді.

Тарихи ескерткіштердің тоналғанын, тіп­ті жергілікті әкімдік пен полиция бө­лім­­шесінің өзі білмей қалып жатады. Се­бе­бі қарамағындағы ескерткіштердің са­нын, қайда орналасқанын және тарихи құн­­дылығын білмейтін ауыл басшысы көп.

Осыдан бірнеше жыл бұрын солтүс­тіктегі көршімізде металл детектормен қаруланған көмбе іздеушілер мен тонау­шылық қазбалар жасау мемлекеттік дең­гей­дегі мәселеге айналып, әр деңгейде қо­ғам болып талқылап, соңында рұқсат етілмеген металл құралмен іздеу жүргізгені үшін 500 мың рубльге дейін айыппұл салу мен 6 жылға дейін бас бостандығынан айыратын заң қабылданды.

Бүгінде археологиялық мұраларды жи­наумен айналысатын сол жеке кол­лекцио­нерлер мен әуесқойлар біздің заң­дағы олқылықты, шекараның ашықтығы және жұрттың ақпаратпен толық қам­­­тылма­ғанын пайдаланып, Қазақстан жерінде өз әрекетін емін-еркін жал­ғас­тыруда. Яғни, археологиялық жәді­­герлер түріндегі ұлт­тық құн­дылық­­та­рымызды турист ретінде келіп, ел аралап, тиынға сатып алып, шетке әкетуде. Тіпті, жер­гілікті әуесқой көмбе іздеушілер тобы құрылып, кейбірі ауқымды түрде то­наушылық қазбалар жасап жүр», – дейді ол. Сонымен қатар институттың бас директоры ескерткіш­тердің қорғалуы мен сақталуына жер-жер­дегі өкілдіктерді тарта отырып, партиялық бақылау жасау да қажет екенін жеткізді. 

«Мұраларымызды сақтаймыз десек, жаппай дертке айналмай тұрғанда, тонау­шылық қазбалар мен металл детектормен қаруланған көмбе іздеушілерді құрықтау қажет. Ескерткіштердің құндылығы мен оны бұзған жағдайда қандай жауапқа тартылатынын білмейтін ел азаматта­рының кейбірі тонаушыларға көмектесіп, кездейсоқ тапқанын оларға сатып, биз­неске айналдырып та жүр.

Бұл жерде елден өз заманында шетке әкетілген мәдени құндылықтарды қайта­ру – реституция мәселесі қайта туындай­ды. Осы мәселемен шағын жұмыс тобы айналысып, әкетілген құндылықтардың (тек археологиялық жәдігерлер емес, оған қоса антропологиялық және палеоостео­­­логиялық топтамалар да) толық тізімін жасау және халықаралық құжаттар мен құндылықтар сақталған елдің заңдарына сүйене отырып, олардың түпнұсқаларын, не көшірмелерін жасату арқылы қайтару­­­дың жолдарын іздеуі тиіс деп санаймын. Бұл бағыттағы жұмыстар Қызылорда облы­сы әкімдігінің қолдауымен басталып, аталмыш облыс аумағында жарты ғасыр бұрын қазба жүргізген археологиялық экспедициялардың Мәскеуге әкетілген жәдігерлерінің көшірмелері жасалынды. Музейлер арасындағы халықаралық байла­­­ныс­­ты нығайту, мәдени құн­­­дылық­­­тарды заңсыз саудалау, құндылықтарды табылған еліне қайтарту мәселелерінде Халықаралық музейлер қауымдастығының Қазақстандағы өкілдігі – ИКОМ Қазақ­станның алар орны ерекше.

Елдегі тарих және мәдениет ескерт­кіштерінің қорғалуы мен сақталуына об­лыстық әкімдіктер жанындағы тарихи-мәдени мұраларды қорғау мен пайдалану мекемелері (әр облыста формасы әртүр­лі – инспекция, бөлім, орталық, т.б.) жауап­ты. Сонымен қатар ескерткіштердің сақталуына қатысты дабыл қағуы тиіс қоғамдық ұйым – тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғаудың Қазақ қоғамы да бар. Қоғамдық ұйымдар ішінен ес­­керт­кіштерді, соның ішінде көп түрінің бірі – петроглифтерді табу, сақтау мен қорғау мәселелерімен айналысып жүрген «Охот­­ники за петроглифами» (Жартастағы су­реттерді қорушылар) ұйымы белсен­­­діле­рін ғана білемін. Ескерткіштердің қо­­р­­­­­ға­­­­­­луы мен сақталуына жер-жердегі өкіл­­діктерді тарта отырып, партиялық ба­қылау жасау да қажет сияқты. 

Әр жер иесі немесе оны пайдаланушы сол территориядағы ескерткіштерді қор­­­ғау міндеттемесін түсінуі және қазу не то­нау фактілерін көргенде жергілікті әкім­­­дік­­­терге, музейлерге, болмаса облыс­­­тық ес­­­керткіштерді сақтау және қорғаумен айналысатын мекемелерге хабарлауы тиіс. Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 247-бабына сәйкес, жер телімінің иесі немесе жылжымайтын мүлік иесі өз жері­­­нен мәдени құнды жәдігерлерді тауып алған жағдайда арнайы сыйақыға мемле­­­кетке қайтаруы тиіс. Кездейсоқ түрде ол­­­жаға ие болған, не істерін білмей отыр­­­ған азаматтар да жергілікті музейлер мен ескерт­­­кіштерді қорғау инспекцияларына хабарлағаны дұрыс», – дейді ол.

Сондай-ақ Ақан Оңғарұлының ай­­­туын­­­ша, тарих және мәдениет ескерт­­­кіш­­терін қорғаудың тағы бір жолы – облыстар бойынша әр деңгейдегі есепте тұрған және жаңадан ашылған тарих және мәде­­­ниет ескерткіштерін жаппай инвентари­зациядан өткізіп, Қазақстанның архео­логиялық нысандарының ұлттық тізімін дайындау қажет. 

«Әрине, әр облыста әр жылдарда әр деңгейде дайындалған өңірдегі тарих және мәдениет ескерткіштерінің жинақ­тары баспадан шығарылған-ды. Бүгінде бұл мәліметтер жаңа ескерткіштердің ашы­луымен толықты. Ескерткіштер жи­­­на­­­ғын облыс емес, әр аудан бойынша жіті барлау жасап, құжаттау өзекті болып отыр. Осы ақтаңдақтардың Оңтүстік Қазақ­­стан облысы бойынша орнын толтыру мақса­­тында Қазақстанда алғаш рет 2004 жылы археолог М. Елеуовтің бастама­­­сымен дала­лық барлау жұмыстарының нәтиже­­­сінде «Оңтүстік Қазақстан облысының археологиялық картасы. 1 том. Түлкібас ауданы» атты әкімшілік ауданның жинағы баспадан шықты. Кейіннен 2008 жылы аталған археолог бастаған топ жеке кә­­­сіпкер – «Абди компани» АҚ-тың прези­­­денті Ә.Бимен-диевтің қаржылай қол­дауы­мен Оңтүстік Қазақстан облы­­­сының Созақ ауданындағы Қарақұр ауылдық окру­гінде археологиялық барлау жұмыс­­­тарын жүргізіп, «Қарақұр ескерткіштері» атты ауылдық округтің ескерткіштер жинағын шығарып, кітапты өз ауылының қазынасын біле жүрсін, қорғай жүрсін деген мақсатпен тұрғындарға таратқан. Бұл жұмыстың нәтижесінде бір ауылдық округтің аумағынан 61 ескерткіш жаңадан табылып, ғылыми айналымға енгізілді.

Бұл бағыттағы археологиялық барлау, есепке алу, құжаттауды әр әкімшілік аудан бойынша ұзақ жыл бойы жүргізіп, дайын­даған әзірге Жамбыл, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстары ғана болып отыр. Сондықтан республика бойынша бізге белгілі 25 мыңнан астам тарих және мә­дениет ескерткіштерінің саны төрт-бес есе өсуі мүмкін. Республикалық маңызы бар мемлекеттік тізімдегі 218 нысанның саны да артары анық. Жоғарыда мысал келтіргендей, бұл жаппай науқанға бизнес өкілдерін де тарту маңызды.

Есепте тұрған және жаңадан ашылған археологиялық ескерткіштердің бұзылуын бақылап, жиі мониторинг жүргізу өте қа­­жет. Менің ойымша, жыл сайын ғылы­­­ми мониторинг пен сараптамаға сүйенген ұлт­­тық баяндама дайындалып, сонда ай­тыл­ған жетістіктер мен кемшіліктер бо­йын­­­ша келер жылғы осы саладағы жос­­­пар­лар бекітілуі қажет сияқты. Мы­салы, жыл сайын ел бойынша жойылу­дың жо­ғар­ғы сатысында тұрған нысанның тізімі жасалып, сол тізімге және туристік клас­терлер мен бағыттарға сай зерттеу, консер­вациялық және реставрациялық жұмыстар жасалынса екен», – дейді институт бас­шысы.

 «Петроглифтерді аулаушылар» ерік­­­­тілер қоғамының үйлестірушісі, журна­­­лист Ольга Гумирова мұндай заңсыз қазба жүргізушілер құнды жәдігерлерімізге айтар­­­­­­лықтай орасан зауал тудырып отыр­­ғанын жеткізді. 

«Өз басым бүкіл Қазақстан үшін жауап бере алмаймын, бірақ Алматы мен Жетісу облыстарында археологиялық ескерткіш­терді сақтауда мәселе өте көп. Сақ пен түр­кі қорғандарын, қола дәуірінің қорым­­дарын, көне қоныстарды тонап жатқан қара қазушыларда ғана емес. Ілебалық қорымындағы несториандық кресттер, сақ қорымдарынан алынған зергерлік бұйымдар мен қару-жарақтар қара базарда сатылып жатыр. Баянжүрек аймағында, Қуғалы алқабында, Даубай жотасы айма­ғында, Сарыөзекте, Шүйлі таула­рында, Арқарлыда өзіміз археологиялық жойыл­ған қорғандарды тіркедік. Тіпті, бір-екі рет жергілікті полиция мен шекарашы­­­лардың көмегімен мұндай қара жер қаз­­­ған­дарды жазаладық та. Мәселе жер­­­гілік­ті заңдардың сақталмауында, олар заңсыз қазбалар үшін, археологиялық ескерт­­­кіш­­­тер аумағында металл іздегіштерді пайда­­ланғаны үшін жазалау керегін білмейді. 

Тағы бір мәселе: бірнеше жыл бұрын ескерткіштерді қорғау туралы заңға өзгер­­тулер енгізілді. Оған сәйкес ескерткіштер құжаттандырылғаннан кейін ғана мем­лекет қорғауына алынады және дәл осы куәландыруға өте аз қаражат бөлінеді. Яғ­ни, қорғандар, сызбалар шоғырлары мен көне қоныстар облыстардың архео­­логиялық ескерткіштерінің мұрағат­­­та­­­­рында көрсетілмеген және тиісінше мем­­­лекет тарапынан қорғалмаған. Олай болса олардың жойылуына байланысты ешкім жауапкершілікке тартылмайды деген сөз», – дейді құнды жәдігерлердің жоқ­таушысы.

 

Түйін:

«Қара археологтар» үшін құнды жәді­­герден бұрын, оны сатудан түсетін пайда маңыз­ды. Еліміздегі заңсыз қазба жүргізе­­­тіндердің басым бөлігі – ресейліктер және отан­­­­­дық жалдамалылар. Кей кездері олар­­­­дың тапқан жәдігерлері Еуропа мен Ресей­­­­дегі аукциондарға шығып жатады.

Әлемнің барлық дамыған елінде тарихи жәдігерлерді барынша сақтап, өткеніне құр­­­метпен қарайды. Мысалы, Жапония секілді шағын елдерде әрбір ескерткіш бақылауға алынып, тексеріліп отырады. Әрқайсы­­­сының өз құжаты бар. Тіпті, айына бір рет арнайы адамдар барып, ол жерді тазалап, жағдайын біліп отырады. Ал біздегі қаншама құнды бұйым ұстағанның қолында, тісте­геннің аузында кетті екен?! 

«Өткенге топы­­рақ шашсаң, болашағың саған тас атады», – деген даналық сөзден сабақ алсақ екен.

Наурызбек САРША