Ұлттық құраманың еншісінде 31 медаль бар.
Азиада-2023: Қазақстан медальдар кестесінде қай орында тұр?
3,346
оқылды

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азиаданың медальдар кестесінде Қазақстан құрамасының қай орында тұрғаны белгілі болды. 

Бүгінде ұлттық құрама 31 медаль иеленіп (3 алтын, 5 күміс, 23 қола), кестеде 13-орында тұр.

Жалпы тізімде 241 медальмен Қытай, (130 алтын, 72 күміс, 39 қола) көш бастады. Одан кейінгі орында Оңтүстік Корея (124 медаль: 30 алтын, 35 күміс, 59 қола) мен Жапония (111 медаль: 29 алтын, 41 күміс, 41 қола) тұр.

 

Алғашқы ондықтағы құрамалар тізімі:

Қытай - 130-72-39 (241)

Оңтүстік Корея - 30-35-59 (124)

Жапония - 29-41-41 (111)

Үндістан - 13-19-19 (51)

Өзбекстан - 11-12-17 (40)

Таиланд - 10-6-14 (30)

Тайвань - 9-10-14 (20)

Гонконг - 6-15-19 (40)

Солтүстік Корея - 5-9-5 (19)

Индонезия - 4-3-11 (23)

Қазақстан - 3-5-23 (31).

 

Фото: Olympic.kz