Ескек есуден қазақстандық команданың өкілдері Кирилл Трубаев пен Тимофей Емьянов жүлдегер атанды.
Қазақстандық ескекшілер Азиада ойындарында жүлдегер атанды
1,239
оқылды

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан құрамасының қоржыны тағы екі медальмен толықты. Бұл туралы Aikyn.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл жолы байдарка мен каноэде ескек есуден қазақстандық команданың өкілдері Кирилл Трубаев пен Тимофей Емьянов қола жүлдегер атанды.

Тимофей Емельянов - байдаркада және каноэде есу бойынша MC1 1000 м бағдарламасында 3-орын алды.

Тубаев Кирилл - байдаркада және каноэде есу бойынша МК1 1000 м дисциплинасында 3-орын алды.