Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров чемпион атанды.
Азиада-2023: Қазақстан қоржынына төртінші алтын медаль түсті
1,721
оқылды

Қазақстандық ескекшілер Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров Қытайда өтіп жатқан Азия ойындарында үздік атанды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазақстанның ерлер командасы каноэда 500 метр қашықтықта сынға түсіп, 1:49.010 көрсеткішпен мәре сызығына бірінші болып жетті.

Бұл ел қоржынына түскен төртінші алтын медаль.

Екінші орынға Жапония тұрақтады, ал үшінші орын ирандық ескекшілердің еншісінде.