Кеңесте мәдениет пен спорт, дін істері мен жастардың салауатты өмірі мәселелері жан жақты тақыланды. Алматы қаласының тиісті мемлекеттік органдарының өкілдері «AMANAT» партиясы Сайлауалды бағдарламасының Жол картасын 2023 жылы іске асырылуы туралы баяндама жасады.
Алматы қаласының Спорт басқармасы басшысының орынбасары Бекжан Онжан бірнеше оң бағыттағы жұмыстардың барысы туралы есебін ортаға салды. Оның айтуынша, жыл соңына дейін 4 спорт кешендері пайдалануға беріледі. Одан бөлек, спорттың шағын футбол, баскетбол, волейбол сияқты түрлері бойынша мектеп лигалары құрылып, қатарға 214 білім беру мектебінен 30 мың оқушы тартылмақ. Ал спорттың футбол, баскетбол, волейбол сынды түрлері бойынша студенттік лигалар жұмыс жасауда. Қаладағы ЖОО-нан барлығы 20 мың студент қамтылған екен.
Басқарма басшысының мәліметінше, Алматыда тұрақты негізде дене шынықтырумен және спортпен айналысатын 792 мың азамат бар болса, оның 383 мыңы балалар мен жасөспірімдер.