Бүгін қазақстандық ескекшілер ел қоржынын қос күміс, бір қола жүлдемен толықтырды.
Азия ойындарында ел қоржынына тағы бір медаль түсті
1,092
оқылды

Қытайдың Ханжчоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық ескекшілер Маргарита Торлопова мен Ульяна Киселева күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Aikyn.kz.

М.Торлопова мен У.Киселева 200 метр қашықтықта каноэдан жұптасып өнер көрсетті. Спортшыларымыз қытайлықтардан соң мәре сызығына екінші болып жетті. Үшінші орынды өзбекстандық дуэт иеленді.

Бүгін қазақстандық ескекшілер ел қоржынын қос күміс, бір қола жүлдемен толықтырды.