Бұған дейін Асланбек Шымбергенов (71 келі) пен Сағындық Тоғамбай қола жүлде еншілеген еді.
Қамшыбек Қоңқабаев финалға шықты
3,101
оқылды

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында боксшы Қамшыбек Қоңқабаев финалға шықты, – деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол 92 келі салмақ дәрежесінде үндістандық Нариндеерді 5:0 есебімен жеңді. Сөйтіп, Париж Олимпиадасының жолдамасына ие болды.

Қоңқабаев бокстан ерлер құрамасы сапында жолдамаға ие болған және финалға шыққан жалғыз боксшы.

Бұған дейін Асланбек Шымбергенов (71 келі) пен Сағындық Тоғамбай қола жүлде еншілеген еді.

Фото: Нұрғали Жұмағазы