Бұдан бұрын ҚБФ президенті ХОК төрешілерінің шешімін сынға алған еді.
Бокс федерациясының президенті Асланбек Шымбергеновке ерекше сый жасайтынын айтты
8,766
оқылды

Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев Асланбек Шымбергеновке өз атынан автөкөлік сыйлайтынын айтты. Бұл туралы Федерация президенті Facebook-тағы парақшасында жазды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Барша қазақстандық жанкүйерлермен бірге мен Асланбек Шымбергеновке қолдау көрсетемін. Елге оралған соң Асланбекке өз атымнан автокөлік сыйлаймын.

Асланбек Шымбергенов – қазақтың нағыз батыры!», - деп жазды ол.

Бұған дейін Кеңес Рақышев А.Шымбергеновтің Азия ойындарындағы жекпе-жегіне қатысты пікір білдірген болатын.

 

Фото: Спортты дамыту дирекциясы