Фараби Ермеков: Ауыл шаруашылығына қатысты ақпараттың жартысы жалған

2025 жылға қарай жаһандық деректер базасындағы ақпараттық деректер 175 зеттабайтқа жетеді екен.

«Бұл дегеніміз – әлемдегі электронды ақпарат сақтаушы алпауыттардың жұмысын біршама қиындатады деген сөз», – дейді америкалық цифрлы трансформация саласы бойынша танымал сарапшы Douglas Karr. 

БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының CountrySTAT ұлттық және субұлттық деректер статистикасының онлайн ақпараттық жүйесі күніне әлемнің жүздеген елінен түрлі ақпарат жинап отырады екен. Мол ақпарат өз кезегінде өте маңызды. Сондықтан «Бізде де мақсатты түрде ауыл шаруашылығы саласы бойынша үлкен деректер базасын құру керек», – дейді Агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру технологиялық құзырет орталығының» директоры ғалым Фараби Ермеков. Үлкен деректер базасының маңызы туралы ғалымға бірер сауал тастадық.

– Фараби Керімбайұлы, сіздер ауыл шаруашылығы саласын цифр­лы техноло­гияға өткізумен ауқымды түрде айналысып келесіздер. Осы­­­ның негізінде ауыл шаруа­­­­шылығы бойынша деректер базасын құру керек екені рас. Саланың осы жүйе­­­­ге өтуі қан­­­­шалықты маңызды?

– Қазір бізде ауыл шаруашы­­лығы саласы бойынша шынды­ғында не болып, не қойып жатқаны туралы нақты әрі дұрыс ақпарат мүлде жоқ. Нақтылап ай­­­татын бол­сам, бізге беріліп жатқан ақпа­­­раттың 50%-ы шындыққа мүлде сәйкес келмейді. Міне, осы себепті біз үшін сала бойынша деректер базасын құру өте маңызды. Мұны барынша тез­­­­­дет­­­­­­­­­­кен абзал. Рас, соң­­­ғы жылдары ауыл шаруашы­лығындағы цифрлы тех­­но­­­логия­лармен ауқымды түрде айна­­­лы­сып келеміз. Қазір геоақпарат­­тық, жер­­­ді қа­­­шықтан зондтау техно­­­­­ло­гия­­­­ла­­­­­рын салада кеңінен қолданып жа­тырмыз. Сонымен қоса, дүние­жүзі ғалымдарының осы саладағы жасаған жаңалықтарын зерттеп, өзімізге бейімдеумен айналысып жүрміз. 

Жаңа технологияны толық­­­­­қан­ды игере отырып өзгелермен келісім шарт жасап, қызмет көрсе­­­туді де қолға алып келеміз. Әрине, мұның бәрін бұрын да білдік. Бірақ мүмкіндік болмады. Десе де, жүйелі түрде 2018 жылдан бері шұ­­­­ғылданып келеміз. Ұдайы айналы­­суы­­мыздың нәтижесінде өзімізде белгілі бір аумақтарға байланысты деректер базасы қалыптаса бас­­­тады. Бұл деректерді түрлі жобада қолданып отырдық. Сұраныс арт­­қан сайын біздегі дерек көз­­­­­­дерінің тым ескі немесе жалған болуы көп жағ­­­дай­­­­­да дәлме-дәл жұмыс­­­­­тары­мыз үшін өзіндік кедергісін кел­тіріп отырды. Мұн­­­дай қателік­­­­термен жұмыс істеуге болмай­­ды. Бұл өте тиімсіз болмақ. Осыдан соң бізде ауыл шаруашылығы са­ласы бойын­­ша деректер базасын құру керек деген ойға келдік. 

– Бізде жыл сайын немесе үш ай сайын Үкіметке әр сала бойынша жеке-жеке есеп тапсырылып, сол берілген есептер негі­­­зінде шешімдер қабылданып жатады. Ұдайы жина­­­лып отыратын есептер мен ақпарат­­­тарда қателіктер бар ма сонда?

– Жан-жақтан жинақталатын осы есептер мен нақты ақпарат­тардың ара­­­­сын­­­да кей жағдайда өте үлкен айыр­­­­ма­­­шылық кездесіп жа­­­­тыр. Оны біз жұ­­мыс тәжірибе­міз­дің барысында анық­­­тап көру­­­­­деміз. Кей жағдайда қолдан келг­­­­­­енше түзетіп, дұрыс ақпаратты ұсы­­­­­­­­на­­мыз. Ғылыми жұмыстар не­гі­зінде ба­­­­рын­­­ша дәлме-дәл ақ­­­­па­­­­раттарды қол­­­­дану өте маңыз­­­ды. Сол сияқты мемле­­­­­­­­кеттік дең­­гейде де дұрыс ақпарат­­­­тар берілсе дейміз. Егер қандай да бір қате кетсе, ол қателердің кесірі көп жағ­­­дай­­­­да эко­но­­­­­миканың алға да­муына кері әсерін тигі­­­зеді. Мыса­­лы, танап­­­­­­тарға түскен ылғал­­­­­­дың немесе қар­­дың деңгейін дұрыс анық­­­­­­­­­­та­­масақ, келесі жылы астықтың өнуіне өте үлкен зиян әкеледі. Әсіресе, суар­­малы егін­­шілікте бұл қауіпті жағ­­дай. Былай­­­ша айтқанда, шаруашы­­лықтан ауыл әкімдігіне, ауыл әкімі аудан әкіміне, аудан әкімі облысқа жі­­­бе­­­­ретін тізбекті статистикалық есеп­­­тердің дұрыс беріл­­­­­меуі кеші­ріл­мес қателіктерге ұрындырып жатыр. 

Бұл – басты мәселе. Тағы да ай­тамын. Осы немқұрайдылық немесе адами фактор біздің эко­­­­номикамызға орасан зор кедер­гі келтіріп отыр. Мен тек ауыл ша­руа­­­­шылығы саласы бойынша ай­тып отырмын. Ал ел эконо­­­­­­­­ми­ка­сының өзге де саласындағы мұн­дай қателіктер жетіп артыла­­­тыны­на сенімім мол. 

Бұған мысал ретінде айтар болсам, жаздағы еліміздің солтүс­тігіндегі алқап­­­тар­­­­ды жойып жібе­­­­руге шақ қалған ше­­­­­гірткенің мә­селесі дәлел бола алады. Мыса­лы, Ауыл шаруашылығы министр­­­лігі ресми түрде 500 гектар алқап зиян шекті деген ақпарат таратқан. Ал ақпарат құралдары мен ресми емес көздерден 10 мың, тіпті 30 мың гектарға дейінгі алқаптың күл бо­лып кеткені айтылған. Міне, де­ректер базасын жасақтаудың басты ерекшеліктері осындай айыр­ма­­­­­шы­­­­­лықтарды болдырмай, нақты ақпа­­­рат­­­­­тар беріп, нақты шаралар қолдануда ұтымды бол­­­мақ. Біріне-бірі жанаспайтын, сәйкес­­­­­­пейтін ақпарат деп отыр­­­­­­­ғаным – осы. 

– Осыны сәйкестендіру үшін не істеген жөн? «Агроөнеркәсіптік ке­шен­ді цифрлан­­дыру технология­­лық құзырет орталығы­­­ның» әсері қандай болмақ?

– Әр министрліктер өз саласы бойын­­­­ша немесе біріктірілген геоақпараттық орталықтарының ықпалымен белгілі бір жүйені жа­сақтауы қажет. Ол үшін мықты ма­мандар мен ғарыштық түсірілім­дерді қала берді ұшқышсыз ұшу апараттарын (Дрон) пайдаланып, мәліметтерді топ­тастыру қажет. Бұл енді бір жылда емес, бірнеше жылда қалыптасады. Себебі жер­­дің жағдайы әр мезгілде неме­се әр жылда өзгеріп отыра­тынына бай­­ланысты. Бұған жеріміздің ауқым­­дылығын тағы қосыңыз. Аталған аппараттардың көр­­­­­­сет­­­­­­кен ақпа­­рат­­­­тарын топтастыра келіп, бел­гілі жағдайларға сәйкес шешім шы­­ғару керек. Мүмкіндік болса, ғарыш­­­тық жерсеріктерінен келе­тін мә­­­ліметтерді күн сайын бол­маса да, апта сайын жаңартып отырған абзал. Тіпті, АҚШ, Ка­нада, Қытай, тағы басқа мемле­­кеттер бұл ақпа­­­раттарды күніне бір рет жаңар­­­­­­­тады. Сондықтан мама­ндардың білікті­­­­лігін пай­­даланып мәлімет­­­терді қорытып, күнделікті қолы­­мыз­­­ға ұстап отыр­­сақ, аяқас­­­­­­­­ты бол­ған оқиғалар мен келеңсіздік­­тердің алдын алу­да не­месе болжам­­­ды шаруа­­ларды тын­­­­­дыруда тап­­­тыр­­­мас құрал болар еді. Өкініштісі, мұндай құрал бүгінде ешқайсы­­­мыздың қолы­мызда болмай отыр. Сол себепті де экологиялық апат­­тар мен өзге де жағдаяттардың ал­дын алуға немесе дер кезінде әре­­­кет жасауға келгенде шарасыз­дық танытаты­­нымыз осы. Мұндай ақ­­па­­рат­­тар­ды тек министр­­­лік қана емес, ау­дандар мен ауылдардың әкімдігі, тіпті шаруашы­­лықтардың өздері де еш кедергісіз алып оты­­­руы қа­жет. Се­­бебі олар үшін де бұл ақ­параттар өте маңызды болмақ. 

– Ғарыштан түсірілген немесе дрон­­­­дармен түсірген суреттер мен мәліметтерде қателік болмай ма? 

– Жоқ. Бұл ақпараттар адам­ның араласуынсыз болған­дықтан қате кету мүмкін емес. Ол аппарат не көрді, бізге соны жеткізеді. Ал бұған адами фактор араласқан жағ­­­дайда қателікке ұрынуы­­­­мыз ықти­­мал. Сол себепті біз ең алды­­­мен бұл жолда адами факторды бол­дыр­­­мауы­­­­мыз қажет. 

– Егін шаруашылығы мен жерді игеруге байланысты мәліметтерді жоғарыда айтып өткен дерек беруші көздер арқылы жинауға мүмкіндік бар делік, ал мал шаруашылығы мен жабайы жануарлар дүниесі бойынша мәлметтерді жинап, базаға енгізу мәселесі қалай жүргізілмек?

– Дұрыс. Бізде Ауыл шаруа­­шылығы министрлігінде мәлмет­­­­терді алып отыр­­­­­ған дереккөздердің бары рас. Осы дерек­­­көздердің мә­­лі­­­­меттері нақтылан­­­­­­байты­­нын ай­­тып отырсыз ғой. Оның да мәні бар. Алдымен шаруашылықтар мен жеке мал өсірушілерді осы мә­ліметтер базасы­на мүдделі ету­дің механизмі жоқ бізде. 

– Ол қандай механизм сонда?

– Ақпараттар жиналып келетін көз­дердегі мамандардың адалдығы жетіс­­пейді бізде, бұл – бірінші фак­тор. Екінші, мемлекет қандай да бір жолмен шаруа­­шылықтар мен үй жануарларын қолда ұстау­­­­шы­­­­­­ларды қаржылай болсын неме­се басқа да бір жолдар арқылы ын­­­та­­­­­­­ландырып, мәліметті шы­найы беруге мүдделі етуі қажет. Мысалы, мал ұстаушы өзінің қолда ұстап отырған жылқылары жоға­лып кеткен жағдайда мәліметтер базасына жүгінуі керек. Оның ең оңай тәсілі – чип орнату. Міне, осы чип орнатуға бізде барлығы бірдей келісім бере бермейді. Үшін­ші, ғарыштық түсі­­рілімдердің қолжетімді болуы. Ай­­­талық, жайы­­­­­лымдағы мал әлдебір жаққа ығып кеткен жағдайда түсірілімдер арқылы қайда тұрғанын анықтау. Қажет болса, ғарыштық түсірілім­­­­дер арқылы мал басын түстеп, са­нап беруге де болады. Бұл тәсілмен жабайы жануарлар орта­­­­сына да әсер ете аламыз. 

– Кез келген ақпарат деректер база­­­сы­­­на енгізген жағдайда жұмыс жеңілдеп, эко­­­­­­­­номиканың өрлеуіне өз септігін тигізе ме?

– Әрине, бір ғана мысал ай­тайын. Мем­­лекеттен берілетін суб­сидия қазір шаруалардың өздері ұсынған мәліметтер арқылы ғана беріліп жатыр. Егін шаруа­­­­шылы­ғында да дәл осылай. Мүмкін, мем­­­лекет өтірік ақпаратқа сеніп, сан мың­­­­­­­­­­­даған қаражатты босқа таратып жат­­қан болар. Оны біз нақ­ты білмейміз. Сон­­­дықтан мәлі­меттер базасының болуы ең басты деген мәселелердің алдын алуда өзінің ұтымдылығын көрсете­тініне сенім мол.

– «Мамандар қажет» деп қал­дыңыз. Мәліметтер базасы үшін қан­­дай мамандар даярлаған жөн? 

– Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу уни­верситінің Геоақпараттық тех­нологиялар орталығы 2015 жылы құрылған еді. Алғашқы кезең 2015-2017 жылдары шетел тех­нология­­ларын зерделеп, қызмет жасау бағытын анықтау кезеңі болды.

Нәтижесінде ауыл шаруашы­лық ба­ғы­тына басымдық берілді. Осылайша, 2018-2020 жылдар қа­жет жабдықтарды алып, бес қа­руымызды асынып, алғашқы ау­қымды қолданбалы зерттеу жо­­­­­­­­­­­­­­ба­­ла­­­­­рымызды жүргіздік. Даму барысында құрамында 3 зертха­насы бар, АӨК цифр­­­ландыру саласындағы технология­­лық құзы­реттілік орталығы болып қай­та құрыл­дық. 2021-2023 жыл­­дары қа­натын кеңінен жайып, бірнеше жобаны қатар жүргізіп, халық­аралық деңгейде зерттеу­лерді жа­сауға қауқарымыз жете бастады. Міне, осы уақытта білікті мамандар қа­жет екені белгілі болды. Біздің елде сала бойынша мамандар даяр­лау жүйесінде де сәл ауытқу­шы­лықтар бар. Себебі құзы­реттілік орталық үшін та­лапқа сай ма­ман­­ның тек гио­де­зия, картаграфия саласынан бө­лек, ақпараттық тех­ноло­гияны да меңгеруі қажет. Біз­де осы қос сала екі басқа болып оқы­­­тыла­тындық­тан, қиындықтар туындап жатыр. Фран­­ция­дан ар­найы мамандар шақыртып тәжі­рибе алмасқан шақ­та, олар маман­дарды даярлау тұсына келгенде кедергі­лердің көп екенін айтты. Ен­ді ол үшін өндіріс пен жоғарыда аталған екі саладан да ма­мандар бірігіп, ар­найы білім беру бағдар­ламасын жасауымыз керек. Бү­гінде әре­­­­кеттер жасап жатырмыз, бірақ бағ­­дар­­ламаны бекіту мен оны жа­зып шығу ұзақ уақытты талап ете­­ді. Кедергілер де жоқ емес. Деген­­­мен алдағы уақытта арнайы ма­­ман­дар­дың болатыны шындық. 

– Әңгімеңізге көп рақмет!

Сұхбаттасқан Бердібек ҚАБАЙ