«Футбол жолы» – отандық футболға арналған республикалық маңызы бар тұңғыш жоба. Фестиваль екі айдың ішінде еліміздің түкпір-түкпірін аралап, ондаған мың спорт жанкүйерін шабыттандырды және Қазақстандағы спорттың ғасырдан астам тарихына құрмет көрсетті.
ҚФФ пен Olimpbet қазақстандықтарға ұмытылмас футбол мерекесін сыйлады
951
оқылды

110 жыл, 10 мың шақырым, 50 мың қатысушы

Қазақстан футбол федерациясы мен Olimpbet-тің ұйымдастыруымен бұрын-соңды болмаған «Футбол жолы» спорттық ойын-сауық фестивалі өтті. Ол қазақ футболының 110 жылдық тарихына арналды әрі республиканың 8 облысында 10 мың шақырымға жуық жолды басып өтті.

 

 

«Футбол жолы» 30 шілдеде Шымкентте басталды. Содан соң Ақтау, Атырау, Орал, Ақтөбе, Көкшетау, Астана қалаларын көктеп өтіп, Қазақстан футболының отаны саналатын Семейде мәресіне жетті. Дәл сол жерде 110 жыл бұрын алғашқы кәсіби клубтар құрылған.

Фестивальді қорытындылай келе, ұйымдастырушылар футболдан көпшілікті сүйсіндірген мұндай ауқымды жоба елімізде алғаш рет өткенін атап өтті.

Константин Гусев, Olimpbet әзірлеу жөніндегі директоры:

«Қазақстан футболының тарихы мен заманауи жетістіктері еліміздің мүмкіндігінше көп тұрғынына белгілі болуы керек. Клубтар мен спортшылар қолдауымызды сезінуі тиіс. Сондықтан Olimpbet Қазақстан футбол федерациясымен бірлескен жобаларды қай кезде де қолдайды. Оның үстіне, «Футбол жолы» сияқты жоба спорт қауымы үшін де, бүкіл елдегі жанкүйерлер үшін де өте маңызды!»

 

 

Андрей Дудин, Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы:

«Фестиваль елдегі футбол мәдениетін байытуға және жанкүйерлер қауымдастығы арасындағы байланысты нығайтуға көмектесті. Ал біз Olimpbet-тің кәсіпқой футбол мен ұлттық құрамалардың бас серіктесі ғана емес екендігін білдіргіміз келеді, біз тұтас қазақ қоғамында спорттың дамуына мүдделіміз. ҚФФ Olimpbet-пен бірлесіп серіктестік орнатуда, түрлі әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруда, «Футбол – тең мүмкіндіктер спорты» стратегиясын жүзеге асыруда және аймақтарда әуесқойлар сайысын ұйымдастыруда».

Артем Белов, Olimpbet спорттық және арнайы жобалар жөніндегі директоры:

«Біз Қазақстан халқына «Футбол жолын» сыйлағанымызға және осы жолды ҚФФ, еліміздің жетекші клубтары және әртүрлі қалалардан келген мыңдаған жанкүйерлермен бірге жүріп өткенімізге қуаныштымыз. Мұндай ауқымды тур – біздің сүйікті ойынымыздың тарихын жасаған және жасап жатқандардың барлығына құрмет көрсетудің керемет үлгісі. Біз бірлесіп елдегі футболға деген қызығушылықты арттырып, стадиондарды толтырып, қазақстандық спортшыларды мақтан ете аламыз деп ойлаймын».

 

 

Жүлделер, эмоциялар және мақтаныш

«Футбол жолы» фестивалі барысында 50 000-нан астам адам жиналды. Әр қалада еліміздің басты футбол кубоктары - Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атағы, Қазақстан кубогы мен суперкубогы қойылды, бұған әрбір спортсүйер азамат ерекше назар аударды.

 

 

Сондай-ақ іс-шараға қатысушылар сүйікті командаларының футболшыларынан қолтаңба алып, олармен бірге суретке түсті. Сонымен қатар көрермендерді қызықтыратын, көңіл күйлерін көтеретін орталықтар қызмет етті, қалалық футбол турнирлері тартысқа толы болды. Фестиваль күндері 128 команда бәсекеге түсіп, 1,5 мыңға жуық гол соғылды.

 

Фестивальға  келушілер түрлі футбол аттракциондарға қатысып, 10 мыңға жуық сыйлықтар мен кәдесыйларға ие болды. Ал ұйымдастырушылардың қолдауымен танымал әртістер - SHIZA, YENLIK, M'DEE, HIRO, 101, BONAPART, AKIM және т.б. өнер көрсетті.

 

 

 

Бірінші «Футбол жолы» фестивалі Қазақстан футбол федерациясы мен Olimpbet компаниясы арасындағы ынтымақтастықтың жемісі десек, қателеспейміз. Осы үлкен турдың арқасында ондаған мың жанкүйер елдің басты футбол жүлделерін тамашалап, ұмытылмас уақыт өткізді.