Евгений Федоров Азия ойындарында алтын медаль алды.
Қазақстандық велошабандоз Азиада чемпионы атанды
1,060
оқылды

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында қос бірдей қазақстандық велошабандоз жүлдегер атанды,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ұлттық құрама  қатарында Алексей Луценко, Евгений Федоров, Дмитрий Груздев және Глеб Брусенский сынға түсті.

Жарыс нәтижесінде, 210 шақырымға созылған бәсекеде Евгений Федоров мәре сызығына бірінші болып келіп, алтын медаль жеңіп алды. Ал Алексей Луценко екінші орынға ие болды.