Отандасымыз финалда БАӘ-ден келген қарсыласын 4:2 есебімен жеңді.
Жетінші алтын: Нұржан Батырбеков Азия ойындарының чемпионы атанды
1,023
оқылды

Қазақстандық спортшы Нұржан Батырбеков Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарының алтын медалін жеңіп алды, –  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, джиу-джитсуден 69 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен отандасымыз финалда БАӘ-ден келген қарсыласы Мұхаммед әл-Суваидиді 4:2 есебімен жеңді.

Бұл – Азия ойындарында Қазақстан құрамасының жетінші алтын медалі.

«Нұржанды осы жеңісімен құттықтаймын! Бүгін көптеген адамды таңғалдырды және ерекше қуантты. Жасына қарамастан, біздің спортшымыз керемет шеберлік пен жеңіске деген сенімділік көрсетті. Оған болашақта да жоғары нәтижелерге қол жеткізуін тілеймін»,  – деп атап өтті ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

Фото: olympic.kz