Бұл – Қазақстан құрамасының бүгінгі үшінші бас жүлдесі.
Азия ойындары: Нұрқанат Әжіқанов Қазақстан қоржынына сегізінші алтынды салды
1,587
оқылды

Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында каратэші Нұрқанат Әжіқанов (75 келі) алтын медаль жеңіп алды,–  деп хабарлайды Aikyn.kz.

 

Спортшымыз кумите бойынша финалда иорданиялық Хассан Масарвехті мерзімінен бұрын жеңді (8:0).

«Бастапқыда сәл қиындау болды. Артынан ашылып, қарсыламды басымдықпен жеңдім. Бұл тек менің ғана емес, бәріміздің жеңісіміз деп есептеймін», – дейді спортшы.

Айта кетерлігі, бұл – Қазақстан құрамасының Азия ойындарындағы сегізінші алтын медалі және бүгінгі үшінші бас жүлде.

«Нұрқанатты және оның әріптестерін осы жетістігімен құттықтаймын! Бүгін біздің чемпионға тең келер ешкім болмады. Оның еліміздің туы астында жеңісті жолын жалғастырып, жерлестерін жарқын өнерімен жиі қуанта беруіне тілектеспін!» – деп атап өтті Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

Фото: Туризм және спорт министрлігі