92 келіден аса салмақта жұдырықтасқан Қамшыбек төрешілер шешімі бойынша Баходир Жалоловтан жеңіліп қалды.
Қамшыбек Қоңқабаев Азия ойындарының финалында Баходир Жалоловтан жеңіліп қалды
1,441
оқылды

Қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев Азия ойындарының финалында өзбекстандық Баходир Жалоловқа есе жіберді.

92 келіден аса салмақта жұдырықтасқан Қамшыбек төрешілер шешімі бойынша Баходир Жалоловтан жеңіліп қалды. Сөйтіп, ол Азиаданың күміс жүлдегері атанды.

Екі боксшы осыған дейін 9 рет жолыққан.

2019 жылға дейін Қоңқабаев 3:1 есебімен алда тұрған. Одан кейін жерлесіміз қатарынан алты рет ұтылды.

Фото: yvision.kz