Финалда Жәмила Бақбергенова қырғызстандық Айпері Медетқызымен белдеседі.
Азиада-2023: Жәмила Бақбергенова финалға жолдама алды
1,121
оқылды

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында әйелдер күресінен Жәмила Бақбергенова (76 келі) финалға өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазақстандық спортшы бірінші айналымда Светлана Окназарованы (Өзбекстан) 7:0 есебімен жеңіп, артынша Ариунжаргал Ганбатты (Моңғолия) 6:0 есебімен ұтты.

Кейін 1/2 финалда Үндістан балуаны Киранды 4:2 есебімен тізе бүктірді.

Ал финалда Жәмила Бақбергенова әлем чемпионатының 2 мәрте жүлдегері Айпері Медетқызымен (Қырғыз Республикасы) белдеседі.

Жәмила Бақбергенова 1996 жылы 6 қаңтарда дүниеге келген. Ересектер арасында 2021 жылы Норвегия астанасы Осло қаласында өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері.

Сонымен қатар Азия чемпионатында 2020, 2022 жылдарда чемпион атанса, 2021 жылы күміс, 2019 жылы қола алды.

Айта кетейік, Жәмила Бақбергенова - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің түлегі. 

Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі