Оның Түркиядағы барлық шығынын «Бешикташ» клубы өз мойнына алған.
9 жастағы қазақстандық футболшы Түркияның «Бешикташ» клубында жаттығатын болды
2,054
оқылды

9 жасар қазақстандық футболшы Алдияр Мұқанов Түркияның «Бешикташ» клубында жаттығатын болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz..

1 жылдан бері «Ақжайық-2014» командасында жаттығып жүрген Алдияр маусым айында Алматы қаласына барып, іріктеудің бірінші кезеңінен өткен.

Жас футболшының анасы Баянсұлу Мұқанованың айтуынша, елішілік іріктеуден өткен 6 бала Ыстанбұл қаласына барған. Ол жақтағы іріктеуден 2 бала өткен.

Жас футболшы 11 қазанда Ыстанбұлға жол жүреді. Алғашқы бапкері Арыстан Култаев шәкіртінен үлкен үміт күтетінін айтты.

Бүгінде Алдияр түрік тілін үйреніп жүр. Оның Түркиядағы барлық шығынын «Бешикташ» клубы өз мойнына алған.

Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Бахтиер Зайнутдиновтың командаласы атанған Алдиярды «Ақжайық» ФК директоры Манарбек Ержанов құттықтап, естелік сыйлық табыс етті.

Алдияр Ыстанбұлда алғашқы кезде нағашы әжесімен бірге тұрмақ.