Галина Дуванова Филиппин спортшысынан ұтылып қалды.
Азиадада қазақстандық спортшы джиу-джитсудан күміс медаль алды
722
оқылды

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында отандасымыз Галина Дуванова джиу-джитсудан күміс медаль ұтып алды.  

Ұлттық олимпиада комиетінің хабарлауынша, спортшы 57 келі салмақта өнер көрсетті.

«Әлем чемпионатының 3 мәрте қола жүлдегері Галина Дуванова финалдық бәсекеде филиппин спортшысы Анние Рамирезке 0:2 есебімен ұтылып, 2-орынға ие болды», – делінген хабарламада.

Фото: olympic.kz