Президенттің 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты халыққа Жолдауында жаңа экономикалық үлгіге өту бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берген болатын. Тарқатып айтсақ, ауқымды мәселелердің барлығы еліміздің экономикалық өсімі мен тұрмыстық әл-ауқатының жақсаруына бағытталған.
Осы тұрғыда айтсақ, бүгінде Түркістан облысында облыс әкімі Дархан Сатыбалдының басшылығымен аймақта ауқымды жұмыс атқарылуда.
Мәселен, жыл басынан бері облыста экономикалық дамудың барлық негізгі көрсеткіштері 2 пайызға өскен. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Тарқатып айтар болсақ, өнеркәсіп өнімінің көлемі 519 млрд теңгеден асып, 4,5 пайызға артты. Бұл өсімдер негізінен өңдеу өнеркәсібі (231,1 млрд теңге немесе 106,8 пайыз), электр энергиясын өндіру (39 млрд теңге немесе 33,3 пайызға), суды жинау, өңдеу және таратудың (5,7 млрд теңге немесе 100,4 пайыз есебінен қалыптасты. Дегенмен бұл көрсеткіштер әлемдегі күрделі геосаяси жағдайға да қарамастан оң серпінді сақтап отыр.
Бүгінде Түркістан облысында бірыңғай индустрияландыру картасына 437 млрд теңгені құрайтын 13 инвестициялық жоба енгізілді. Бұл жобалар 2025 жылдың соңына дейін толығымен іске асырылмақ. Жоба аясында 3 мың 305 жаңа жұмыс орны құрылады деген жоспар тұр. Жақсы жетістіктің бірін атар болсақ, құны 2,5 млрд теңгені құрайтын, 100 жаңа жұмыс орны бар ZHANASSYL ЖШС мақта талшығын өңдеу зауыты жүзеге асты.
Экономиканың өсуіне үлкен үлес қосатын саланың бірі ол инвестиция деп айтуға болады. Бұл бағытта облыста бірқатар жақсы өзгерістер бар.
Бүгінде өңдеу өнеркәсібінде инвестиция сомасы 6 млрд теңгеге 272 жұмыс орнын қамтитын 12 жоба іске асырылды. Жыл соңына дейін тағы 26 млрд теңгеге 20 астам жобаның жүзеге асырылуы жоспарлануда (6 жоба іске асырылды, 5,4 млрд теңге, 215 жұмыс орны). Нәтижесінде, 540 жаңа жұмыс орны құрылады.
Айта кету керек, 2022 жылдың қорытындысымен жалпы құны 28,9 млрд теңгеге 1 172 жұмыс орнын ашумен 23 инвестициялық жоба іске қосылды.
Жалпы, 2022–2026 жылдар аралығында жалпы құны 1,9 трлн теңгеге 9 596 жұмыс орнын құрайтын 71 инвестициялық жобалардың пулы қалыптастырылған. Тарқатар болсақ, 2022 жылға 29,9 млрд теңгеге 25 жоба, 2023 жылға 260,3 млрд теңгеге 28 жоба, 2024 жылға 186,9 млрд теңгеге 8 жоба, 2025 жылға 396,6 млрд теңгеге 6 жоба, және 2026 жылға 901,7 млрд теңгеге 4 жоба іске қосу жоспарлануда.
Жоғарыда аталған барлық инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы қатаң бақылауда және сүйемелдеу жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.
Тельман БЕЙСЕН,
Түркістан облысы