Жекпе-жек Астана уақытымен 15 қазан күні таңертең өтеді.
Әлімханұлы мен Гуалтьери жекпе-жек алдындағы көз арбасу рәсімін өткізді
3,012
оқылды

Орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (14-0, 9 КО) мен IBF титулына ие германиялық Винченцо Гуалтьери (21-0-1, 7 КО) жекпе-жек алдындағы көз арбасу рәсімін өткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Бокс кеші АҚШ-тың Розенберг қаласында өтеді. Жәнібек Әлімханұлы WBO титулын екінші рет қорғамақ. Ал Гуалтьери белбеуін алғаш рет қорғайды. Винченцо бұл атаққа биыл шілдеде бразилиялық Эскива Фалькаоды жеңіп, қол жеткізген болатын. Екі спортшы да белбеу біріктіретін жекпе-жекке алғаш рет шығады. 

Жәнібек Әлімханұлы мен Винченцо Гуальтеридің жекпе-жегін Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Еске сала кетейік, бокс кеші 15 қазан күні Астана уақытымен 07:00-де басталады.