Сауд Арабиясының астанасы Ар-Риядта өтіп жатқан Дүниежүзілік жауынгерлік өнер ойындарында WKF каратэден жарыс мәресіне жетті.
Каратэшілер жауынгерлік өнер ойындарында үш медаль иеленді
6,126
оқылды

Кумите бағдарламасында финалға шыққан Дидар Анарбеков (+84 кг) тартысты айқаста жарыс қожайыны Санад Суфианиге жол беріп, 2-орын алды. Ұлттық құрама спортшысы жартылай финалда чехиялық Ондрей Бошакты жеңген. Күндізгі сессияда Дидар 3 жекпе-жек өткізіп, екеуінде қарсыластан басым түскен. Бұл туралы Aikyn.kz Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап хабарлайды. 

Кумите бағдарламасында финалға шыққан Дидар Анарбеков (+84 кг) тартысты айқаста жарыс қожайыны Санад Суфианиге жол беріп, 2-орын алды. Ұлттық құрама спортшысы жартылай финалда чехиялық Ондрей Бошакты жеңген. Күндізгі сессияда Дидар 3 жекпе-жек өткізіп, екеуінде қарсыластан басым түскен.

Ал 68 кг дейінгі салмақтағы Нурия Тізімбай өз тобында 1-орын алғанымен, жартылай финалда тәжірибелі марокколық Виссал Эззардан айласын асыра алмады.

«Екі күнге созылған каратэшілер жарысында 3 медаль алдық. Оның екеуі күміс, біреуі қола. Барлығы Ұлттық құрама сапында 7 спортшы келді. Өкінішке қарай, бүгін бақ сынаған Николь Ценгель жарақат алып, жарысты ерте аяқтауға мәжбүр болды. Жалпы мына ойындар біздің қыз-жігіттерге зор тәжірибе жинауға септігін тигізді»,-деді каратэшілерді бастап келген жастар құрамасының аға бапкері Шаттық Қажымұқан.

Айта кетейік, Қазақстан делегациясы осыған дейін Бейжің мен Санкт-Петербургте өткен жауынгерлік өнер ойындарында WKF каратэден медаль алмаған.