Cан қырлы Сарыбаев
Cан қырлы Сарыбаев
219
оқылды
Алматыдағы Ұлттық кітап­ха­нада көрнекті түрколог-ға­лым, Қазақстан Ұлттық ғы­лым академиясы­ның ака­де­мигі Шора Сарыбаев­тың 95 жылдық мерейтойына ар­­нал­­ған дөңгелек үстел өтті. Шараны ғалым қызмет етіп, шәкірт тәрбиелеген Қайнар академиясы ұйым­дас­тырды. Бұл күні ел ғылымы мен білі­мі­не өлшеусіз үлес қосып, отан­дық тіл ғылымының халықаралық деңгейде танылуына, түрік дүние­сін­де өзіндік орнын алуына елеу­лі еңбек сіңірген ғалымның тағы­лым­дық-танымдық еңбектері мен ғұмырлық ғибраты туралы оның көзін көрген, бірге жүрген әріп­тестері, ізбасар-шәкірттері әңгіме айтты. Академик Ш.Сарыбаевтың тұл­ғалық келбетін жан-жақты қа­растыру үшін ғалымның ең­бек­­терінің мәнін терең түсіну керек. Оның қазақ тілінің өзекті са­лаларының, атап айтқанда қа­зақ тілі тарихы, диалектология, лек­сикология, лексикография, грам­матиканың көкейкесті мә­се­лелерін көтерген 300-ден астам ғылыми мақалаларындағы, моно­гра­фиялық еңбектердегі, оқу­лықтары мен сөздіктеріндегі қарас­тырылған зерттеулерін терең зерделеу қажет.
«Шора ағамыз өте әмбебап кісі еді. Абай айтқандай, ақырын жүріп, анық басатын». Түркі ака­де­миясының президенті бо­лып тағайындалғаннан кейін көп ұзамай Шора ағамызға аман­дасуға келдім. «Рәбиға Сыз­ды­­қова апамыздың, Әбдуәлі Қайдар ағамыздың кітапханасын Түркі академиясының кітапха­насына алдық. Қатар жүрген үш тұл­ға­сыз­дар, сіздің де кі­тап­ханаңызды Түркі академиясына алсақ» деген тіле­гімізді жеткізгенімізде, ол кісі  «Мен әлі ғылымнан қол үз­ген жоқ­пын» деген болатын. Бірақ аға­мыз үйін аралатып көр­сетті. Музей аралағандай бол­дық», – деді Халықаралық түркі ака­де­мия­сының президен­ті, «Еге­мен Қазақстан» республика­лық газеті» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі.
Шора Шамғалиұлының еңбек кі­тапшасында екі-ақ мекеме бар. Біріншісі – А.Байтұрсынов атын­дағы Тіл білімі институты болса, онда 50 жыл жұмыс істе­ген. Кейінгі 18 жылында Қайнар уни­верситетінде қызмет етті. Ғалым – әдемі қартаюдың үлгісін көрсетіп кеткен абыз қария. Ол – жұмыс үстелінің үстінде отырып өмірден озған кісі. Тоқсаннан асса да әлі талай еңбек етем деген мақ­саты болды.
«Шөкеңді өте жақсы білем деу­ге болады. Ол кісі өнерге, мә­­де­­ниетке өте жақын еді. Еуро­па, шығыс тілдерінде жақсы ән ай­­татын. Шөкең анекдотты тың­дар­­манға жеткізіп айта білетін. Екі мыңға жуық анекдоттың ба­сын құрастырып, жинақ шы­­ғар­­ған. «Бізге ауырсаңдар дәрі ішу­­дің керегі жоқ, ауруды күл­кі­мен емдеу керек. Күлкі тера­пия­сын пайдаланған жөн» деп отыратын. Күлкінің 70 түрін аш­қан. Ол қандай талантты, ұлы бол­са, өмірде сондай сыпайы және қа­рапайым болатын», – дей­ді А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының бас қыз­мет­ке­рі Зейнеп Базарбаева.
Бұл күні Сарыбаевтар динас­тия­сының қазақ өміріндегі орны да айтылды. Талғат Сарыбаев – та­лантты музыкант, сазгер-ән­ші болса, Болат Сарыбаев қазақтың көне аспаптарын жинап, музей ашқан. Ұлы Қайрат – белгілі мем­ле­кеттік қызметкер және дип­ло­мат. Қызы Майра – белгілі ғалым. Бұл династия қазақ рухани өміріне өлшеусіз үлес қосып келеді. Шора Сарыбаев – шәкіртке бай ұлы ұс­таз. Артында іздеушісі болып жүр­ген шәкірттерінің арқасында ға­лы­мның 95 жылдық мерейтойы да өз деңгейінде атап өтілуде. Өмірінің соңына дейін ізде­ніс­те болған ғалымның әлі де бұ­рын еш жерде жарияланбаған ең­бектері баршылық. Сондықтан Сары­баевтың шын келбетін ашу істері енді ғана басталды деуге болады.   Гүлнар ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ