Жәнібек Әлімханұлының негізгі қаламақысы – 400 мың доллар.
Ж.Әлімханұлы әлем чемпионын нокаутпен жеңген соң қанша табыс тапты?
7,089
оқылды

WBO және IBF бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының германиялық Винченцо Гуальтьеримен жекпе-жегінен қанша қаржы тапқаны белгілі болды, деп хабарлайды Aikyn.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап. 

Шетелдік ақпарат көздерінің хабарлауынша, «Қазақ стилінің» қаламақысы – 400 мың доллар, ал ақылы трансляциялардың сатылым көрсеткіші 500 мыңнан асса, Жәнібек 1,5 миллион доллар табыс табады.

Алайда жекпе-жек ұйымдастырушылары да, жергілікті спорт комиссиясы да боксшылардың нақты табысын ресми түрде жариялаған жоқ.

Бұдан бұрын белгілі журналист Дэн Рафаэль Гуальтьеридің Әлімханұлымен жекпе-жектен алатын табысы 750 мың доллар екенін айтқан болатын. Ал басқа дереккөздер оның табысы 1 млн АҚШ долларына жетуі мүмкін екенін мәлімдеді.