Қаржылық мониторинг агенттігі активтерді қайтару жұмыстары жалғасып жатқанын мәлімдеді.
Қайрат Боранбаев бірнеше нысанды мемлекетке қайтарды
1,293
оқылды

Қаржылық мониторинг агенттігі Қайрат Боранбаевтың мүлкін мемлекет меншігіне қайтару шараларын жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мемлекет кірісіне жалпы құны 33,75 млрд теңге болатын кеңсе, сауда және ойын-сауық кешені, сондай-ақ сауықтыру және фитнес желісі өтті.

Атап айтқанда, оңтүстік мегаполистің орталығында орналасқан «Алмалы» сауда орталығының ғимараты, сондай-ақ жалға беру және мүлікті басқарумен айналысатын «Unity Hall» ЖШС.

«Алматы Тауэрс» бизнес орталығында орналасқан нысанның ауданы 11 мың шаршы метрден асады.

Сондай-ақ Fitnation фитнес клубтар желісі мемлекет меншігіне өтті», – делінген агенттік хабарламасында.

Аталған нысандар Астана, Алматы және Қостанай қалаларында орналасқан. Енді ол нысандар қолданыстағы заңнамаға сәйкес демалыс, сауықтыру және білім беру орталықтарын ұйымдастыра отырып, әлеуметтік мақсаттарға пайдаланылмақ.