Әділжан Сәндібеков («Адос» лақап аты – ред.) қатысатын Абу-Дабиден арнайы репортаждар топтамасын жіберіп алмаңыз және iPhone 15 ұтып алыңыз!
Қазақстандық жанкүйерлер Olimpbet-пен бірге UFC 294 турниріне барады
668
оқылды

Басты екі оқиғадағы қайталанбас сәттер

21 қазанда Абу-Дабиде жекпе-жек әлеміндегі көрермен асыға күткен кездесулердің бірі – UFC 294 турнирі өтеді. Бұл шара тіпті дайындық кезеңінде де жанкүйерлерге көптеген тосынсый ұсынды. Төбелесетіндердің табан астында ауысуының өзі көпшілікті елең еткізді.

Жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпион Чарльз Оливейра қазіргі белбеу иегері Ислам Махачевпен реванш кездесуі керек еді, бірақ денсаулығына байланысты жарыстан шығып қалды.

Енді тағы бір промоутерлік жұлдыз қысқа мерзімде ресейлікпен жұдырықтасады – жеңіл салмақтағы чемпион Александр Волкановски. Ол бразилиялық сияқты бұрын Махачевтен ұтылып қалған, UFC-дегі жалғыз жеңілісінің орнын толтырғысы келеді.

 

Сонымен қатар кештің басты оқиғасында №4 және №1 жартылай орта салмақтағы спортшылар кездеседі. Бірақ олар орта салмақта бәсекеге түседі. Жас әрі жеңіліп көрмеген Хамзат Чимаев (12-0) өз санатындағы бұрынғы чемпион Камару Усманмен (20-3) бақ сынасады. Ал, жеңіліссіз келе жатқан Хамзат «ардагерді» ренжітуі мүмкін деген күдік бар.

UFC 294 турниріндегі қазақ жанкүйерлері – Etihad Arenaдағы мыңдаған көрермен осы және басқа да керемет жекпе-жектердің куәсі болады. Олардың арасында қазақстандықтар да жетерлік.

Еліміздегі №1 Olimpbet букмекерлік кеңсесі жылдың үздік турниріне екі адамға 5 билет сыйлады. «Абу-Дабидегі ММА» науқанының қорытындысы 12 қазанда Olimpbet Play YouTube арнасында тікелей эфирде шығарылды.

 

Сонымен қатар Olimpbet-тен Абу-Дабиге сапар аясына UFC 294 турниріне бару ғана кірмейді, ұшу, тұру және белсенді ойын-сауық бағдарламасы да бар.

Қазақстандықтардың тобын шоудың жүргізушісі Кариша мен аралас жекпе-жек шебері, Olimpbet өкілі Әділжан Сәндібеков алып жүреді.

"Адос" оқиға орнынан репортаж жасап, Olimpbet Play арнасының көрермендерімен сараптамалық пікірімен бөліседі. Дәл сол жерде 21-23 қазан аралығында Абу-Дабидегі қазақстандық жанкүйерлердің қызыққа толы демалыс күндері туралы бейнерепортаждар шығады.

Ұйымдастырушылар уәде еткендей, мұнда сапарға қатысушылар ғана пайда көрмейді. Жобаның шығарылымдарын мұқият бақылап, ұтыс ойынының шарттарын орындағандарға Olimpbet-тің Қазақстандағы даму жөніндегі директоры Абзал Қалиев жаңа iPhone 15 сыйға тартады.

Olimpbet Play арнасына жазылыңыз және қазақстандықтардың UFC 294 турниріндегі керемет оқиғаларын бақылаңыз!