Financial Times басылымы бүгін таңертең ашылған азиялық биржаларда биткоин бағасы рекордтық деңгейге өскенін жазды. Aikyn.kz соңғы кезде қайтадан жиі айтыла бастаған негізгі криптовалюта құнының өсу себептерін қаржылық басылымның хабарламасына сүйеніп талдайды.
Биткоин соңғы 17 айдағы максималды рекордтық бағасын жаңартты. Бұл криптовалюталарға негізделген қор биржасын құру перспективасының жаңаруымен байланысты болуы мүмкін. Инвесторлар осындай қор биржасының құрылу ықтималдығын жоғары бағалауда.
Бүгін таңертең ашылған азиялық биржаларда биткоин бағасы рекордтық деңгейге өсіп, 1 биткоинның бағасы $34 332 жеткен. Теңгеге шаққанда 16 млн 454 мың теңге болды.
Әлемнің барлық қаржылық басылымдары нарықтық капитализациясы бойынша әлемдегі ең үлкен криптовалютаның бағасы өскенін жарыса жазуда. Бүгінгі өсім 2022 жылдың мамырынан бергі ең жоғары деңгей саналады. Мұның алдында luna мен terraUSD токендерінің күйреуі цифрлық активтердің жаһандық сатылуын туғызып, бағасын төмендеткен еді.
АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржалар комиссиясы Grayscale Investments крипто-инвестициялық тобының Bitcoin ETF (Биткоин электронды қор биржасын) құру өтінімін қарап, рұқсат бермеу туралы шешім қабылдаған. Комиссияның шешімімен келіспеген Grayscale Investments крипто-инвестициялық тобы сотқа жүгінген.
Апелляциялық сот Комиссияға өз шешімін қайта қарауын міндеттеген. Жақында Бағалы қағаздар және биржалар комиссиясы сот шешімімен келісетінін, қарсы шағым түсірмейтінін мәлімдеген соң криптовалюта нарығында ерекше жандану басталған.
Мына видеода сондай биткоин бағасына қатысты дүрлігудің басталған байқалады:
Қысқаша анықтама
Биткоин ағылшын тілінен bit – бит, ақпарат көлемінің өлшем бірлігі және coin – мәнет сөздерінен құралған. Транзакциялар үшін 1 биткоинды пайдаланатын төлем жүйесі. Жүйенің жұмыс істеуін және қорғалуын қамтамасыз ету үшін криптографиялық әдістер қолданылады, бірақ жүйе адрестер арасындағы транзакциялар туралы барлық ақпарат ашық түрде қолжетімді.
Екі тарап арасындағы электронды төлем делдалсыз жүзеге асады және төлемді қайтарып алуға болмайды. Расталған транзакциядан бас тарту механизмі жоқ: төлем қате немесе басқа адреске жіберілген немесе транзакцияға жабық кілтпен қол қойылған жағдайда төлемді қайтару мүмкін емес.
Құпия жеке кілттің иесі немесе құпия кілт белгілі болған адамнан басқа қаражатты бұғаттай алмайды. Бірақ мульти-қолтаңба технологиясын қолданып үшінші тарапты (төрешіні) шақырып «қайтарылатын транзакциялар» жасауға болады. Қолданушылар биткоинды әртүрлі атайды: криптовалюта, виртуалды валюта, цифрлық валюта немесе электронды қолма-қол ақша деп.
2013 жылдың қараша айының соңында ВВС телеарнасында жергілікті қоқыс полигонында өзінің ескі компьютерінің қатты дискісін іздеп жүрген британдық туралы сюжет көрсетілді. Дискіде 2009 жылдан бері сақталған 7,5 мың биткоины бар адрестің құпия кілті жазылғаны белгілі болған.
2009 жылы 1 биткоин бар-жоғы 6 доллар болған. Алаңғасар британдық 2013 жылы жаңалықтардан биткоин бағамының 1 000 долларға дейін өскенін естіп, қоқыс полигонында «қазба жұмыстарына» кіріскен. Сол кезде оның электронды әмиянында сақталған биткондардың құны 7,5 миллион доллардан асқан. Ал қазір 7,5 мың биткоин 259 млн доллар болды!!!
Кезінде 10-15 долларға сатып алып, бүгінде миллионер атанғанымен, биткоин әмиянының құпия кілтін жоғалтып алған қазақтар да бар шығар.