Қазақстандық спортшы Диас Кенжебек жүзуден алтын медаль иегері атанды.
Азия пара ойындары: жетінші алтынды Диас Кенжебек еншіледі
1,924
оқылды

Қазақстандық спортшы Диас Кенжебек жүзуден алтын медаль иегері атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ол 100 м қашықтықты 1:05:42-де жүзіп өтіп, Азия және Азия пара ойындарының рекордын жаңартты.

«Азиадада Қазақстан құрамасы дәстүрлі түрде осы спорт түрінен өте жақсы нәтиже көрсетіп келеді және бүгінгі жетістік - осының жарқын дәлелі. Команданың жаттықтырушылар штабына ерекше алғыс айтамын. Ел сіздің еңбегіңізді мақтан тұтады!», - деді ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.