Солай да солай!

Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты, Халық жазушысы Шерхан МҰРТАЗА туралы көп сериялы киносценарий

КИНО ЖУРНАЛ

«Елiм, саған айтам,

Елбасы, сен де тыңда!»

Камал дос!

Сен де құлақ түр.

Себебi, сен – соқа, мен – трактор.

 

БIРIНШI СЕРИЯСЫ

Мәртебелi мырзалар!

Бiраздан берi

Жанымды жегiдей жеп жүрген

құрт бар.

Әрине, оны түсiнетiн де,

Түсiнбейтiн де жұрт бар.

Жердi арамшөп аздырады».

Менi бiреулер «Ұлтшыл!»

деп жазғырады.

Өкпелейдi.

Өкпелесе, «көшке берген

тайлағын алсын»,

Немесе мен секiлдi

Қайта-қайта депутат боп

сайланып алсын.

Жетесiзге жетi айтып,

Санасызға сан айтып,

Сессия сайын көзiмiздi алайтып

Тiл туралы

Өңешiмiз жыртылғанша айтыстық.

Тартыстық.

Қырқыстық.

Жата қалып жағаны да жыртыстық.

Не бiттi?

Базбiр депутат мырзалар:

«Жылама,

Жыласаң тағы да ұрам!»

деп желiктi.

Сонда солардың дiттегенi не?!

«Мемлекеттiк тiл екi тiлде жүрсiн!» дейдi.

Не деген сұмдық?!

Құйқаң шымырлап,

жүрегiң дүрсiлдейдi.

Сиырдың тiлi – бiреу,

Ешкiнiң тiлi – бiреу,

Доңыздың тiлi – ол да бiреу.

Тек жыланның тiлi ғана айыр.

Бұл не?

Жылан болсын дегенi ме,

Әлде, лаң болсын дегенi ме?

Түсiнiксiз!..

 

ЕКIНШI СЕРИЯСЫ

Мырзалар!

Жалпы,

Жаманшылық ойлағандардың

Арқасына алты қотыр,

Желкесiне жетi қотыр шықсын.

Қасиын десе қаны шықсын,

Қасымайын десе жаны шықсын.

Жүзге бөлiнгеннiң жүзi күйсiн!

Солай ма, Қалаубек мырза?!

– Шерхан-ау, саған халқың ырза.

Сен бүкiл түркiге туыссың.

«Руға бөлiнген у iшсiн!»

– Солай ма, Мұса мырза?

– Солайы – солай!

Ештеңе жоқ оңай.

«Бөлiнгендi бөрi жесiн,

Айрылғанды аю жесiн!»

– Солай ма, Толымбек мырза?

– Шераға!

Құдайдың құтты күнi

Айтып жүрсiз дуалы ой.

«Ұлт пен сана»,

«Ұлттық парыз» –

Бәрiне де куә ғой.

Қарға тамырлы қазақпыз,

«Қарына тартпағанның

қары сынсын!»

– Солай ма, Әмiрхан мырза!

– Шераға!

Аса құрметтi Шераға!

«Табалдырықтан биiк тау жоқ».

Бiз тұрғанда сiзге келер жау жоқ.

Алайда, Абай айтқандай:

«Қазақтың жауы – қазақ».

Турасын сөйлеп туғанына жақпайтын

Сiздей қазақ аз-ақ!

Аз!

Өте-е-е аз, Шераға!..

– Сырт көз – сыншы:

«Шерхан Тынысты бiледi,

Тыныс жұмысты бiледi»

Деп тақпақтайтын көрiнедi.

Тыныс мырза,

Сiз бұ гәпқа «нима» дейсiз?

– Шераға!

Тесiк ауыз тек тұрмайды.

Не бiрдеңе жеп тұрады,

Не бiрдеңе деп тұрады.

Қай ауыздың қақпағы бар?

Бiздiң өзбек ағайындардың да

тақпағы бар.

Былай:

«Дар хакихат, битта одамнинг

Битта қолтигиға

Ихта таруз сиғмайди»

деп гәпырады.

Әй, олар да қатырады!

Қазақшасы:

«Бiр қолтыққа екi қарбыз

симайды» дейдi.

Сиғанда қандай!

Сiздiң қолтығыңызға бiреу емес,

Бiрнеше қарбыз сиып жүр.

Мәселенки, әлгi Әмiрхан,

Қалаубек,

Мұса,

Толымбек,

Жамбыл,

Рафаэль...

Тағы да бiр-екi әйел.

Олардың орынбасары бар.

Барлығы да бiр қолтыққа сиып жүр.

Айтқан сөзiңiзге айрандай

ұйып жүр.

– Ендеше,

Жақсы журналист – ырыс,

Жаман журналист – ұрыс.

Солай ма, Тыныс?..

– Дұрыс, Шераға, дұрыс!

– Дұрыс болса дұрысымыз,

Бүгiн бiттi бiр iсiмiз.

Мен Президентке кеттiм,

Жұмысыңызға кiрiсiңiз!..

 

ҮШIНШI СЕРИЯСЫ

Мәртебелi мырзалар!

Тiл туралы қашанғы таласамыз?

Андай-мұндай,

Әжiк-күжiк,

Пыти-сыти деп,

Отырып ап бал ашамыз.

Қара суды

Қанша сапырсаң да

май шықпайды.

Тас маңдайымдағы әжiмдi

Тұрар Рысқұлов туралы жазған

Бес кiтабым айшықтайды...

Ешқашан ергенiм жоқ

Бiр ағындарға.

Не дейсiң, қарындас?

Сұрағың бар ма?

Айта ғой.

– Ағай, бұ қазақта

Сiзден өткен iрi жоқ дейдi.

Арақ iшпейдi,

Темекi тартпайды,

Қыз-қырқынға қыры жоқ дейдi.

Рас па?

– Ай, мына қыз мұңайтты.

Менi еркек емес деп кiм айтты?

Менi бiреулер:

«Тарпаң!

Ашушаң депутат!» деп кiнәлайды.

Маған ол пiкiр ұнамайды.

Аш адам ашушаң келедi.

Ауыл-ел аш болса,

Ашушаң болмай не етерсiң?

Бiр көзiң айға қарап,

Бiр көзiң сайға қарап

«Нервный» боп кетерсiң.

Бұ қазақ

Кетiп бара жатса да құр кетпейдi.

Бiреулер менi:

«Тоң!

Бiрбет!» дейдi.

Құдай екi жүздiден сақтасын!

Халықтың нанын жегесiн,

Оның қамын да жеу керек.

Ел үшiн кеуделеп,

Әлiмдi жиып тiрнектеп...

Сонда менi «Бiрбет!» деп,

Атағаны ма құрметтеп?

Түсiнiксiз!...

Қазiр не көп,

Өзiңнен бетер зор көп.

Қазiр не көп,

«Ананы қорғау,

Мынаны қорғау» туралы қор көп.

Мен таң қалам!

Бұ қазақ әуелi қорлайды,

Сосын барып қорғайды.

Тұрар Рысқұловты қорладық па?

Қорладық.

Әрi итерiп, берi жығатын

Қазақ деген зор халық!..

 

ТӨРТIНШI СЕРИЯСЫ

Вы хотите что-то сказать? Кто вы? Безработ­ный? Да-а, сочувствую!

Но-о, политика – дело тонкое. Я скажу образ­но: «Правительство – паруса, народ – ветер, го­су­дарство – корабль, время – море». Если государство – корабль, то мы политики – ма­тросы его. Я тоже матрос. Есть еще вопрос?

Вообще, вопросы пора задавать на госу­дарственном языке. Олжас Сулейменов знает «Тысячу одно слово». И даже мэр города Алматы Виктор Храпунов знает такие слова, как «Ай­налайын», «Рақмет» и «Кө-өп рақмет!..»

Последнее убежище негодяя – политика. Я – писатель! Зачем я полез в политику? Для того, чтобы одним негодяем было меньше в политике.

Наш корабль, несмотря на шторм инфляции и всякие девальвации, уверенно держит курс к две тысячи тридцатому году. Я с радостью встречу эту дату, тем более мне тогда, в дветысячи трид­цатом году, стукнет 99 лет.